• Мое избранное

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу жөніндегі комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2020 жылғы 3 наурыздағы № 81 бұйрығы

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32929 болып тіркелген) бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларының, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 91 бұйрығы жойылсын.
Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2020 жылғы 3 наурыздағы
№ 81 бұйрығымен бекітілген
1
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Ереже Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) жұмысын ұйымдастыруды және қызметін реттеуді анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32929 болып тіркелген) бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларының, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 5-тармағына сәйкес құрылған.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. Өз жұмысында Комиссия осы ережені және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
4. Министрліктің Жұртшылықпен өзара іс-қимыл департаменті Комиссияның жұмыс органы болып жабылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
5. Комиссияның сандық және дербес құрамы Министрлік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары немесе олардың орынбасарлары қатарынан Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен бекітіледі.
6. Комиссия төрағасы Комиссия қызметін басқарады және оның отырыстарында төрағалық етеді. Төраға жоқта, оның функцияларын төраға орынбасары орындайды.
8. Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде үштен екісі қатысса, Комиссия отырысы заңды болып саналады.
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеу материалдарын қарау;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2) аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау;
3) аккредиттеу туралы куәлiктi немесе негіздемесімен бірге аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру болып табылады.  
3) аккредиттеу туралы куәлiктiң күшiн тоқтата тұруды немесе тоқтатуды ұсынады.
11. Аккредиттеу жөніндегі куәліктердің қолданылуын тоқтату мәселелері он жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Комиссия шешімі қатысқан Комиссия мүшелерінің көпшілік басым дауысымен  анықталады және хаттама түрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.
13. Комиссияның хатшысы хаттаманы дайындауды, материалдар мен Комиссияның хаттамалық шешімдерін есептеу мен сақтауды жүзеге асырады. Комиссия хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
14. Комиссия құрамына және осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушының
2020 жылғы «3» наурыздағы
№ 81 бұйрығымен бекітілген
1
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу жөніндегі комиссия құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 05.03.2021 жылғы № 71 Бұйрығымен (03.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бүдан әрі - Министрлік) Аппарат басшысы, Комиссия төрағасы;
Министрліктің Жүртшылықпен өзара іс-қимыл департаментінің директоры, төраға орынбасары;
Минисхрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы;
Министрліктің Atom энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры;
Министрліктің Газ өнеркәсібі департаментінің директоры;
Министрліктің Мүнай-газ-химия және техникалық реттеу департаментінің директоры;
Министрліктің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры;
Министрліктің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры;
Министрліктің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры;
Министрліктің Мұнай игеру және өндіру департаментінің директоры;
Министрліктің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры;
Министрліктің Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры;