• Мое избранное

Отправить по почте

Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 403 бұйрығы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарына және қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу үшін сараптамалық топтар құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 222;
«2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме- конкурсын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 44;
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылар қызметінің мүмкіндіктері мен нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 43 бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр  Ә. Исекешев