• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шараларын алып тастау туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 27 қаулысы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі №21 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді осы қаулымен таныстырсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туроператорларды хабардар етсін.
4. Осы қаулы 2022 жылғы 8 маусым сағат 00-де күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова