Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерін, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын және жауапты құрылымдық бөлімшелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 206 бұйрығы
«Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес министрлікпен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың, комитеттердің, кеңестердің және олардың кіші комиссияларының, кіші комитеттердің, жұмыс топтарының қазақстандық бөлігінің тең төрағалары және қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың, комитеттердің, кеңестердің және олардың кіші комиссияларының, кіші комитеттердің, жұмыс топтарының қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері айқындалсын.
3. Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тең төрағаларымен және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен және өзгеде ұйымдарымен бірлесіп үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте үйлестірсін.
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті (Г.Т.Садықова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 434 бұйрығының күші жойылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы № 206 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне бекітілген Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігінің тең төрағалары және қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы № 206 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың, комитеттердің, кеңестердің және олардың кіші комиссияларының, кіші комитеттердің, жұмыс топтарының қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СЭЫД - Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті
ТКЛДД - Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті
БААК - Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті
ГЖҚПК - Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
ИК - Инвестициялар комитеті
ИДӨҚК - Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті