«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 29 қазаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.10.2023 жылғы № 903 Қаулысына сәйкес
Редакция 16.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларының 12-тармағының 7) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 29 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7) жобаны іске асыру кезінде жер учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру қажет болған жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының бос жер учаскесінің және жер қойнауын пайдалану құқықтарының бар екенін растайтын хатының көшірмесі, сондай-ақ жобаны іске асыруға бөлінген алаңның орналасқан жерінің координаталарын (схемасын) және жоспарланатын ауданын көрсете отырып, жер учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын алдын ала таңдау актісінің көшірмесі.».
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысымен бекітілген
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай индустрияландыру картасы – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы;
2) бірыңғай индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның, салалық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық холдингтер мен даму институттарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың қызметкерлері қатысатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін қарау мәселесі жөніндегі комиссия (бұдан әрі – штаб);
3) жауапты мемлекеттік орган – өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган;
4) жергілікті уәкілетті орган – кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында дамыту, үйлестіру, реттеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын, тиісті аумақта өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы;
5) қарсы міндеттемелер – Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің және мемлекеттің өзара міндеттемелері;
6) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістер құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
7) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе – өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, инфрақұрылым мен Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға бағытталған құралдардың жиынтығы;
8) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға, өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілетуге байланысты қызмет;
9) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын, Заңға сәйкес жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары;
11) өтінім беруші – жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
2-тарау. Жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібі
3. Бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіп салаларындағы мемлекеттік ынталандыру шараларын алуды жоспарлайтын өнеркәсіптік-инновациялық жобалар енгізіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.03.2023 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (22.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алып тасталды ҚР Үкіметінің 16.03.2023 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (22.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5. Уәкілетті орган, өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру шараларын қарау, келісу және ұсыну кезінде мынадай өлшемшарттардың бірін басшылыққа алуға міндетті:
1) инновациялылық – жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді), технологияларды немесе процестерді одан әрі енгізуді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, оларды жасау арқылы қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталу;
2) бәсекеге қабілеттілік – ұқсас өнеркәсіптік-инновациялық жобалармен салыстырғанда шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, жоғары сапасынан, өсіп келе жатқан сұранысынан және өзге де қасиеттерінен көрініс табатын бәсекелік артықшылықтар;
3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту үшін өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру маңыздылығы;
4) экспортқа бағдарлану – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің кемінде бір шет елге орнықты экспорттауда әлеуеттің болуы;
5) еңбек өнімділігі – өндіріс көлемі мен өндіріске жұмсалған еңбек ресурстарының, жұмыс уақытының арақатынасы.
6. Мемлекеттік ынталандыру шараларын алған жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңімен жүргізіледі:
1) бірінші кезең – өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінен уәкілетті органға ақпарат беру;
2) екінші кезең – жобаларды уәкілетті органда қарау.
7. Бірыңғай индустрияландыру картасына мемлекеттік ынталандыру шараларын алуды жоспарлап отырған жобаларды енгізу кезең-кезеңімен жүргізіледі:
1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті уәкілетті органда қарау;
2) екінші кезең – жобаларды уәкілетті органда қарау.
7-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген индустрияландыру картасында, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің 2022 жылғы 7 шілдені қоса алғанға дейінгі қаулыларымен бекітілген өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарында көзделген, іске асырылып жатқан жобалар осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерден өтпей-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізіледі.
2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.09.2022 жылғы № 725 Қаулысына сәйкес
3-тарау. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінен уәкілетті органға ақпарат беру
8. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және/немесе қағаз жеткізгіштерде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық жобалар және/немесе кәсіпорындар бойынша ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) жібереді.
Бұрын ұсынылған ақпарат өзгерген кезде өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері бұл туралы уәкілетті органды өзгерістер фактілері анықталған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Бірыңғай индустрияландыру картасында қамтылған ақпарат осы Қағидалардың 9, 10, 27 және 29-тармақтарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жаңартылады.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға электрондық және/немесе қағаз жеткізгіштерде толтырылған ақпаратты жібереді.
9. Уәкілетті орган өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінен алынған ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.
Жіберілген ақпарат сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктердің толық тізбесін көрсете отырып, ақпаратты өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне қайтарады.
10. Ақпарат қайтарылған жағдайда өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктердің толық тізбесін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты пысықтайды және уәкілетті органның атына қайта жібереді.
4-тарау. Жобаларды жергілікті уәкілетті органның қарауы

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |