• Менің таңдаулыларым
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 13

Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысы

Редакция 18.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының 12, 13, 14-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 маусымдағы № 429
 қаулысымен
бекітілген
  • 5
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес әзірленді және барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар) үшін мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттарды, істер мен басылымдарды ресімдеу, есепке алу, көбейту, сақтау, пайдалану, мемлекеттік сақтауға іріктеу мен беру және жоюға бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қамтитын қызметтік ақпаратпен жұмыс тәртібіне қолданылмайды.
3. «Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі – «ҚБП») және (немесе) «Жасырын» белгілері бар құжаттарда, істер мен басылымдарда, электрондық және өзге де жеткізгіштерде тіркелген таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа таратылуына қызметтік қажеттілікпен шектеу қойылған мәліметтер жатады.
Ашық жариялау деп материалдарды ашық баспасөзде жариялау (оның ішінде интернет-ресурста орналастыру), оларды радио мен телевизия арқылы тарату, ашық конференцияларда, кеңестерде, симпозиумдарда жария ету, кинофильмдерде көрсету, музейлерде, көрмелерде экспонат ретінде көрсету, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды көпшілік алдында қорғау, қолжазбаларды сақтауға беру түсініледі.
4. Жұмысында таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты пайдаланатын адамдар ақпаратты қорғау, қызметтік міндеттерін орындау кезінде өздері алған мәліметтерді сақтау және жария етпеу жөніндегі талаптарды орындайды.
5. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеуге жіберілген жұмыскерлер осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта заңдардағы ережелерден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
6. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғау – осындай ақпараттың құқыққа сыйымсыз жария етілуіне, қолжетімділігіне, жойылуына, өзгертілуіне, көшірме жасалуына және оған қатысты өзге де құқыққа сыйымсыз әрекеттерді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдау;
2) ақпарат –кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы ақпарат иеленушілер жасаған немесе алған және олардың иелігіндегі мәліметтер;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.08.2025 жылғы № 598 Қаулысына сәйкес (06.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жасырын ақпарат – Қазақстан Республикасының заңнамасына, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілеріне, халықаралық шарттарға сәйкес қол жеткізу шектелген (жасырындығы белгіленген), яғни егер басқа нормативтік құқықтық актілерде өзгеше көзделмесе, мұндай ақпаратты иеленушінің жазбаша келісімінсіз оны үшінші тұлғаларға бермеу (жария етпеу) бойынша осы ақпаратқа қол жеткізген адамның орындауы үшін міндетті талап белгіленген ақпараттың барлық түрі (коммерциялық, банктік, салықтық, нотариаттық, дәрігерлік (медицина жұмыскерінің құпиясы), жеке, адвокаттық құпияны және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияны қоса алғанда);
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.08.2025 жылғы № 598 Қаулысына сәйкес (06.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жария ету – нәтижесінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат мұндай ақпаратқа ақпарат иеленуші Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық шарттарға және осы Қағидаларға сәйкес рұқсат бермеген үшінші тұлғаларға көрсетілген ақпаратты иеленушінің жазбаша келісімінсіз кез келген нысанда (ауызша, жазбаша, өзге, оның ішінде техникалық құралдар пайдаланылып) мәлім болатын әрекеттер (әрекетсіздік);
5) таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың жоғалуы – таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың жоғалуы не ұрлануы салдарынан заңды иеленуден немесе пайдаланудан шығуы, оның ішінде уақытша да шығуы;
6) мемлекеттік органның «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғау жөніндегі орталық сараптама комиссиясы (бұдан әрі – ОСК) – «ҚБП» белгісі бар құжаттармен және ақпаратпен байланысты мәселелерді қарау үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімімен құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
7) электрондық жеткізгіш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;
8) «ҚБП» белгісі бар электрондық жеткізгіш – таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты электрондық нысанда өңдеуге, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеуге ақпараттық қауіпсіздік қызметі рұқсат еткен техникалық құралдардың көмегімен оны жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;
9) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
10) шифрланған хабарлама – қағаз және электрондық ақпарат жеткізгіштерде ұсынылған, шифрланатын немесе шифрды ашу нәтижесінде алынған арнайы құжат түрі.
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.08.2025 жылғы № 598 Қаулысына сәйкес (06.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Ұйымдарда таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру:
1) құжаттарды тіркеуді, орындауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруды;
2) орындалған және ресімделген құжаттарды адресаттарға немесе істер номенклатурасына сәйкес тиісті істерге жіберуді;
3) іс жүргізілуі аяқталған істерді ведомстволық архивке беруді;
4) істерді тиісті мемлекеттік архивке мемлекеттік сақтауға беруге дайындауды қамтиды.
2-тарау. Мәліметтерді «Қызмет бабында пайдалану үшін» және (немесе) «Жасырын» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу тәртібі
8. Тіркеу кезінде құжаттарға, істер мен басылымдарға «ҚБП» және (немесе) «Жасырын» белгісін қоюдың негізділігін, сондай-ақ «ҚБП» белгісі бар мәліметтерді қамтитын құжаттармен (оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесінде) жұмыс істеу (есепке алу, жою, сақтау, олардың айналымын және оларды пайдалану жөніндегі шектеу талаптарының сақталуын бақылау) тәртібін бақылау ұйымның басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне (бұдан әрі – БҚҚ қызметі), электрондық жеткізгіштерді пайдалану тәртібін бақылау ақпараттық қауіпсіздік қызметіне жүктеледі.
9. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттарға, істер мен басылымдарға, сондай-ақ мұндай құжаттарды қамтитын электрондық жеткізгіштерге «ҚБП» және (немесе) «Жасырын» белгілері қойылады.
10. Мемлекеттік органдар ашық жариялануы немесе жария етілуі ұйым мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін «ҚБП» белгісімен шектелетін құжаттардың тиісті ведомстволық тізбелерін (бұдан әрі – «ҚБП» ҚҚВТ) әзірлейді. Көрсетілген тізбелер мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.12.2023 жылғы № 1086 Қаулысымен (24.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.08.2025 жылғы № 598 Қаулысымен (06.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты мемлекеттік органның ОСК көрсетілген мәліметтердің жария етілуі немесе жоғалуы салдарынан ұйымға келтірілуі мүмкін, әкімшілік рәсімдерді сақтау тәртібіне әсер ететін зиян дәрежесі бойынша айқындайды.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа «ҚБП» белгісін беру мерзімі оның мазмұнына байланысты болады және «ҚБП» ҚҚВТ-ны әзірлеу кезінде мемлекеттік органның ОСК шешімімен айқындалады, бұл ретте мерзім 15 жылдан, арнаулы мемлекеттік архиві бар мемлекеттік органдарда 30 жылдан аспауға тиіс, бұл мерзімді мемлекеттік органның ОСК шешімімен ұзартуға болады.
«ҚБП» белгісінің берілуіне сәйкес мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу қажеттігін негіздеу осы мәліметтерді алған (әзірлеген) ұйымдарға жүктеледі.
Ашық сипаттағы мәселе бойынша ұйымның сұрау салуына мүдделі ұйымдар «ҚБП» немесе «Жасырын» белгілері бар ақпаратты берген кезде жалпы жиынтық құжат тиісті «ҚБП» немесе «Жасырын» белгілері бар жабық сипатқа ие болады.
Мәліметтерді «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген ұйымдардың басшылары «ҚБП» ҚҚВТ-ны әзірлеуді ұйымдастырады және нақты мәліметтерді «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызудың орындылығы туралы өздері қабылдаған шешімдер үшін жеке жауаптылықта болады.
«ҚБП» ҚҚВТ жобасын әзірлеуді мемлекеттік органның ОСК жүзеге асырады. Мемлекеттік органның ОСК құрамына ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, БҚҚ қызметінің өкілдері кіреді. Ұйым басшысының шешімі бойынша ұйым басшысының орынбасарын, ол болмаған кезде – ұйымның аппарат басшысын ОСК төрағасы етіп белгілеуге болады, оған мәліметтерді «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу жөніндегі өкілеттіктер беріледі.
Әзірленген «ҚБП» ҚҚВТ жобасы мемлекеттік органның ОСК қарауына шығарылады.
мемлекеттік органның ОСК қарауы үшін ҚҚВТ жобасын жасау;
жобаға енгізілетін мәліметтер таралып кеткен жағдайда, ұйымға ықтимал зиянды айқындау.
Мемлекеттік органның барлық қызметінің ОСК өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидаларды және «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтермен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
ҚҚВТ жобасын әзірлеу барысында мемлекеттік органның ОСК таратылуы ұйымға зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді айқындау мақсатында ұйым қызметінің барлық түрлеріне талдау жүргізеді және мәліметтерді «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу бойынша негізделген ұсыныстарды қарайды.
«ҚБП» ҚҚВТ мемлекеттік органның мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесімен келісіледі және ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі, ол ҚҚВТ-ға «ҚБП» белгісін берудің орындылығы туралы мәселені де шешеді.
«ҚБП» ҚҚВТ жобасын әзірлеу мынадай өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады: