Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-ө бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Аппарат басшысының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 232-Ө бұйрығы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 955 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-Ө бұйрығына (2016 жылғы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
19-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
Toggle Dropdown
19-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын.
Toggle Dropdown
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 38 және 39-тармақтармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«38. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі».
Toggle Dropdown
39. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі».
Toggle Dropdown
Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«15. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі».
Toggle Dropdown
16. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жетісу облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі».
Toggle Dropdown
17. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі».».
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысы А.Әбдікешов