• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

3

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шiлдеде № 28716 болып тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 221-бабының 2-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 4 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-63
Бұйрыққа 1-қосымша
1
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 221-бабының 2-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
2-тарау. Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар
2. ТжКБ-деңгейінде білім беру мазмұны ТжКБ білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқытудың құзіретті нәтижелеріне бағдарланады.
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін пәндерді, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;
3) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді;
4) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді.
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер немесе жалпы білім беретін пәндерді, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;
4) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді көздейді.
3. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру қамтамасыз етеді:
1) оқу әдебиеттері мен оқу - әдістемелік құралдардың, оның ішінде: электрондық білім беру контентінің (электрондық оқу құралдары, аудио - және бейнематериалдар), әдістемелік көрнекі құралдардың және пәндер, кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, білім алушының өзіндік жұмыстары бойынша ұсынымдардың кітапханалық қорының болуы;
2) базалық жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес келетін және жүйелі түрде педагогикалық, ғылыми-әдістемелік қызметпен айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі. Практикалық денсаулық сақтаудан мамандық бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі базалық білімі бар білікті мамандар тартылады.
4. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.11.2024 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (24.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Оқу бағдарламалары мен жоспарлары жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына бөлінеді. Оқу процесін жоспарлау кезінде оқу жоспарлары осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес білікті жұмысшы кадрлар деңгейлеріне арналған модульдік оқыту технологиясы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ) үлгілік оқу жоспарына қойылатын талаптар негізінде әзірленеді.
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу жоспарларында міндетті компоненттің сағат көлемі (теориялық оқыту, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, аралық және қорытынды аттестаттау) Үлгілік оқу жоспарына сәйкес айқындалады.
5. Білім беру бағдарламаларын ТжКБ ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы стандарттың 2-қосымшасында көзделген мамандық және біліктілік бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары түлегінің базалық және кәсіптік құзыреттіліктерінде көрсетілген оқытудың түпкілікті нәтижелеріне, кәсіптік стандарттар (бар болса) және WorldSkills (уолдскилс) кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді.
Білім беру бағдарламасының құрылымына паспорт, жұмыс оқу жоспары және жұмыс оқу бағдарламалары енеді.
Оқу жұмыс жоспары оқытудың барлық кезеңіне әзірленеді және ТжКБ ұйымының басшысымен бекітіледі.
6. Жұмыс оқу бағдарламалары оқу нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және ТжКБ ұйымы бекітеді.
7. ТжКБ ұйымының білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.11.2024 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (24.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) оқу пәндерінің көлемін міндетті оқуға бөлінген кредиттердің және (немесе) сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарларына және үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес пәндердің мазмұнына сәйкес айқындайды;
2) бiр мамандық шеңберінде бiлiктiлiк бірізділігін, тiзбесiн және санын айқындайды;
3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.
8. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін мыналар әзірленеді: