Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 48 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 шiлдеде № 28688 болып тіркелді
Редакция 28.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді. Тізбенің 1-тармағының сегізінші абзацы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ислам банктің Тізбенің 2-тармағының алпыс бесінші, жетпіс алтыншы, сексен алтыншы және жүз он екінші абзацтарында көрсетілген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуы осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған жағдайларда Тізбенің 2-тармағының алпыс сегізінші, жетпіс жетінші, сексен жетінші және жүз он үшінші абзацтарында көзделген мерзім осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептеледі.
Банктің Тізбенің 3-тармағының алпыс алтыншы, жетпіс бесінші, жүз оныншы, жүз жиырма бесінші, жүз елу екінші және жүз алпыс сегізінші абзацтарында көрсетілген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуы осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған жағдайларда Тізбенің 3-тармағының алпыс жетінші, жетпіс алтыншы, жүз он бірінші, жүз жиырма алтыншы, жүз елу үшінші және жүз алпыс тоғызыншы абзацтарында көзделген мерзім осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептеледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 48 қаулыға қосымша
Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.04.2026 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырағы № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндерінде және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бірінші деңгейдегі капитал негізгі капитал мен қосымша капиталдың сомасы ретінде есептеледі:
1) негізгі капитал:
Нормативтерге 1-1-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды сыныптауға арналған өлшемшарттарда көзделген негізгі капиталдың қаржы құралдарының өлшемшарттарына сәйкес келетін, төленген жай акциялардың;
қосымша төленген капиталдың;
өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының;
ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының;
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының 3510 «Резервтік капитал» баланстық шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде айқындалатын жинақталған ашылған резервтің;
негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау резервтерінің және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтерінің;
басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздардың құнын қайта бағалау резервтерінің;
мынадай реттеуіш түзетулерді шегергенде:
меншікті сатып алынған жай акцияларды;
гудвиллді қоса алғанда, материалдық емес активтерді;
өткен жылдардың және ағымдағы жылдың шығындарын;
шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бір бөлігін қоспағанда, кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін шегергендегі кейінге қалдырылған салық активін;
басқа да қайта бағалау бойынша резервтердің;
активтерді секьюритилендіру бойынша транзакциялармен байланысты сатудан түскен кірістердің сомасы ретінде есептеледі. Мұндай табыстарға болашақта толық немесе ішінара кірісті күтуге байланысты секьюритилендіру шарттарынан алынған болашақ кезеңдердің табысы жатады;
осындай міндеттеме бойынша кредиттік тәуекелдің өзгеруіне байланысты қаржылық міндеттеменің әділ құнының өзгеруінен түскен кірістердің немесе болған шығындардың;
қосылған капиталдан шегерілуге тиіс, бірақ оның жеткіліксіз деңгейіне байланысты негізгі капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулердің;
Нормативтердің 8-тармағында көрсетілген инвестициялардың сомасы ретінде есептеледі;
2) қосымша капиталға Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған критерийлерде белгіленген критерийлерге сәйкес келетін мерзімсіз шарттар енгізіледі, олардың нәтижесінде бірмезгілде бір тұлғада қаржы активі және екінші тұлғада қаржылық міндеттеме немесе заңды тұлғаның барлық міндеттемелерін басқа тұлғадан шегергеннен кейін қалған оның активтерінің үлесіне құқығын растайтын өзге қаржы құралы (бұдан әрі – мерзімсіз қаржы құралдары) туындайды, сондай-ақ Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған критерийлерде белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, ақысы төленген артықшылықты акциялар енгізіледі.
Қосымша капитал мөлшері мынадай реттеуіш түзетулердің:
банктің меншікті мерзімсіз қаржы құралдарына тікелей не жанама тәсілмен жасалатын инвестицияларының;
банктің сатып алынған меншікті артықшылықты акцияларының;
Нормативтердің 8-тармағында көрсетілген инвестициялардың;
екінші деңгейдегі капиталдан шегерілуге тиіс, бірақ оның жеткіліксіз деңгейіне байланысты қосымша капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулердің сомасына азаяды.
Егер банктің қосымша капиталының сомасы шегеруді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болса, онда қалған бөлігі банктің негізгі капиталынан шегеріледі.
2022 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған теріс қайта бағалау түрінде өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарының және Ресей Федерациясының эмитенттердің бағалы қағаздарының құнын қайта бағалау резервтері негізгі капитал сомасын есептеуге 12 (он екі) ай iшiнде кезең-кезеңмен мынадай талаптарға сәйкес:
2022 жылғы 1 наурыздан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 10 (он) пайызы мөлшерінде;
2022 жылғы 1 сәуірден бастап - теріс қайта бағалау сомасының 15 (он бес) пайызы мөлшерінде;
2022 жылғы 1 мамырдан бастап - теріс қайта бағалау сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |