«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес БҰЙЬІРАМЫН:
Отправить по почте
2018-2025 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспарын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 627 бұйрығы
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес БҰЙЬІРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «2018-2025 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.Ә. Байжанов), Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Ж.Ж. Мелдешов):
1) Жоспарды іске асыруды қамтамасыз етсін;
2) Жоспарды іске асыру барысында қажетті нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеп, енгізсін;
3) Осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Сағадиев
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |