Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 21 шiлдедегi № 163 бұйрығы
Редакция 21.08.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
15) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
16) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес
17) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес;
18) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 22.11.2022 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (21.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
19) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес;
20) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Агенттіктің аумақтық органдарының басшылары осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д. Жазықбаев
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2022 жылғы «__» _________ №___ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органы болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, cондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің орналасқан жері: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұқамедханова көшесі, 8.
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаменттің өкілеттілігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |