• Мое избранное
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 шiлдеде № 28916 болып тіркелді

Редакция 10.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 27.08.2024 жылғы № 419 Бұйрығына сәйкес (20.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
2. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 7) және 8) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 7 және 8-қосымшалардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2
бұйрығына 1-қосымша
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 19.01.2023 жылғы № 21 Бұйрығымен (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Стандарт өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.02.2023 жылғы № 66 Бұйрығымен (19.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Стандарт өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 27.08.2024 жылғы № 419 Бұйрығымен (20.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 04.03.2025 жылғы № 90 Бұйрығына сәйкес (27.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМС) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Ереже).
1-тармақ өзгертілді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 22.04.2025 жылғы № 200 Бұйрығымен (04.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
МЖМС меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзімі қойылатын талаптарды айқындайды.
2. МЖМС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс саласында және тиісті лауазымда кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;
2) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер – ұлттық қауіпсіздік жүйесінде және құқық қорғау органдарында тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;
3) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
4) білім алушылардың білім срезі – білім алушылардың академиялық оқу кезеңіндегі оқу жетістіктерін бағалау;
5) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;
6) дипломдық жоба – жобалау элементтерін қолдана отырып және (немесе) бизнес-жобаларды, модельдерді, сондай-ақ шығармашылық сипаттағы жобаларды дайындау түрінде орындалған білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін қолданбалы міндеттерді дербес шешуді білдіретін студенттің бітіру жұмысы;
6-1) дипломдық жұмыс – білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес студенттің өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерін жинақтауды білдіретін бітіру жұмысы;
7) Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттер жинақтау жүйесі (ECTS (еситиэс)) – студенттің шетелде алған кредиттерін өзінің білім беру ұйымына оралғаннан кейін олардың дәреже алуы үшін есептелетін кредиттерге аудару, сондай-ақ білім беру бағдарламалары шеңберінде кредиттер жинақтау тәсілі;
8) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
9) жоғары арнаулы білім (специалитет) – кемінде 300 академиялық кредит міндетті түрде меңгерілетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша маманның біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі;
10) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ЖЖОКБҰ айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
11) кеңейтілетін дәрежелер (Stackable degree (стакэбл дегри)) – әртүрлі салалардан немесе кәсіби қызметтің салаларынан формальды және формальды емес білім арқылы алынған дағдылар мен құзыреттер жиынтығы;
12) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті;
13) микробіліктілік – қысқа мерзімді оқыту кезеңінде алынған кәсіптік стандарт бойынша (немесе тиісті кәсіп шеңберінде) бір жеке еңбек функциясын орындау үшін жеткілікті білім, дағдылар мен құзыреттер көлемі;
14) міндетті компонент – МЖМС-да белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті академиялық кредиттердің ең төменгі көлемінің тізбесі;
15) нано-кредит – дербес және аяқталған сипаттағы оқу материалының шағын көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
16) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру бағдарламасы және студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде ЖЖОКБҰ дербес әзірлейтін оқу құжаты;
17) таңдау компоненті – ЖЖОКБҰ ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең аз көлемінің тізбесі;
ӘАОО-дағы ОЖЖ – білім беру бағдарламасы және біліктілік талаптары, сипаттамалары негізінде АӘОО дербес әзірлейтін оқу құжаты;
18) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) Ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ұсынылатын әдебиеттің мазмұнын, көлемін, айқындайтын білім беру бағдарламасының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты;
19) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімдерінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастар.
2-тарау. Оқу нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелерін ескере отырып әзірленеді, оларды тұжырымдау кезінде Еуропалық трансферт (аудару) жүйесіне және кредиттердің жинақталуын (ECTS) басшылыққа ала отырып, ЖЖОКБҰ мынадай шарттарды ұстанады:
1) оқыту нәтижелері бағдарламаның мәнмәтінін, деңгейін, көлемін және мазмұнын көрсетеді;
2) оқыту нәтижелерін тұжырымдау қысқа және тым егжей-тегжейлі болып табылады;