Toggle Dropdown
8
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 тамызда № 29012 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 05.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 94-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтер бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10671 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 2 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-71 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтер
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтер (бұдан әрі – нормативтер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерді белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы нормативтерде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
Toggle Dropdown
1) иондаушы сәулелендiру – ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру;
Toggle Dropdown
2) персонал – иондандырушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін (А тобы) немесе еңбек жағдайларына байланысты олардың әсер ету аясында болатын (Б тобы) жеке тұлғалар.
Toggle Dropdown
3. Нормативтер адамға әсер ететін иондаушы сәулелену көздерінің (бұдан әрі – сәулелену көзі) мынадай түрлеріне:
Toggle Dropdown
1) сәулеленудің техногендік көздерін қалыпты пайдалану жағдайында;
Toggle Dropdown
2) радиациялық авария нәтижесінде;
Toggle Dropdown
3) сәулеленудің табиғи көздерінде;
Toggle Dropdown
4) медициналық сәулелену кезінде қолданылады.
Toggle Dropdown
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын нормативтер сәулеленудің әрбір түріне қалыптастырылған. Сәулеленудің барлық түрінің жиынтық дозасы радиациялық жағдайды және күтілетін медициналық зардаптарды бағалау, сондай-ақ қорғаныш іс-шаралары мен олардың тиімділігін бағалау үшін қолданылады.
Toggle Dropdown
4. Нормативтер олармен жұмыс істеудің кез келген жағдайында туындайтын мынадай сәулелену көздерін:
Toggle Dropdown
1) 10 микрозиверт (бұдан әрі – мкЗв) және одан кем тиімді жеке жылдық дозада;
Toggle Dropdown
2) терідегі 50 миллизиверт (бұдан әрі – мЗв) және одан кем және көзбұршақтағы 15 мЗв және одан кем эквиваленттік жеке жылдық дозада;
Toggle Dropdown
3) 1 адам-зиверт (бұдан әрі – адам-Зв) және одан кем тиімді ұжымдық жылдық дозада немесе 1 адам-Зв-тен асатын ұжымдық доза кезінде оңтайландыру қағидаты бойынша бағалау ұжымдық дозаны азайтудың орынсыздығын көрсететін;
Toggle Dropdown
4) жердің үстіңгі бетіндегі ғарыштық сәулеленуге және іс жүзінде әсер ету мүмкін емес табиғи калийден туындайтын адамның ішкі сәулеленуін қоспағанда, осы нормативтердің 3-тармағында көрсетілген адамға әсер ететін сәулелену көздерінің түрлеріне қолданылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын нормативтер
Toggle Dropdown
5. Оңтайландыру қағидатын іске асыру кезінде радиациялық қорғауға арналған шығыстарды негіздеу үшін 1 адам-Зв ұжымдық тиімді дозадағы сәулелену халық өмірінің жылының шамамен 1 адам-Зв шығынына тең әлеуетті шығынға әкеп соғады деп қабылданады. Өмір жылының 1 адам-Зв шығынының ақшалай эквивалентінің шамасы ұлттық табыстың 1 (бір) және одан артық жылдық бір адамға шаққандағы мөлшерінде белгіленеді.
Toggle Dropdown
6. Стохастикалық әсерлердің пайда болуының жеке және ұжымдық өмірлік тәуекелі сәйкесінше формула бойынша анықталады: , мұнда r, R – сәйкесінше жеке және ұжымдық өмірлік тәуекел; Е – жеке тиімді доза; рi(Е)dЕ – i жеке адам үшін жылдық тиімді дозаны Е-ден Е+dЕ-ге дейiн алу ықтималдығы; rE – бiр стохастикалық әсерге толыққанды өмір кезеңінің ұзақтығын орташа 15 жылға қысқартудың өмірлік тәуекел коэффициенті (өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі iсiктен, маңызды тұқым қуалайтын әсерлерден және өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі iсiктiң салдарларына зияны бойынша алып келетін өлімге әкеліп соқтырмайтын қатерлі ісіктен), мынаған тең:
Toggle Dropdown
1) өндірістік сәулелену үшін:
Toggle Dropdown
rE = жылына Е < 200 миллизиверт (бұдан әрі – мЗв/жыл) болғанда 5,6×10-2 1/адам-Зв;
Toggle Dropdown
rE = Е3 ≥ 200 мЗв/жыл болғанда 1,1×10-2 1/адам-Зв;
Toggle Dropdown
2) халықтың сәулеленуі үшін:
Toggle Dropdown
rE = Е < 200 мЗв/жыл болғанда 7,3×10-2 1/адам-Зв;
Toggle Dropdown
rE = Е3 ≥ 200 мЗв/жыл болғанда 1,5×10-1 1/адам-Зв.
Toggle Dropdown
7. Жыл бойы сәулелену кезінде радиациялық қауiпсiздiк мақсаттары үшін детерминделген әсерлерден ауыр салдарлардың пайда болуы нәтижесінде толыққанды өмір кезеңі ұзақтығының жеке қысқару тәуекелі консервативті түрде мынаған тең: ri,Д =Рi [D>Д], мұнда:
Toggle Dropdown
Pi [D>Д] – i жеке адам үшін көзбен бір жыл бойы жұмыс істеген кезде Д-дан асатын дозамен сәулелену ықтималдығы; Д – детерминирленген әсер үшін ең төменгі шекті доза.
Toggle Dropdown
8. Аз дозаларда сәулелену нәтижесінде денсаулыққа тиетін зиянды барынша толық бағалау үшін иондаушы сәулеленуге радио сезімталдықпен ерекшеленетін жекелеген ағзалар мен дене тіндерінің, сондай-ақ барлық организмнің толығымен сәулелену әсерлерін мөлшермен ескеретін радиациялық шығын ұғымы пайдаланылады. Жалпы қабылданған стохастикалық әсер тәуекелінің дозаға тәуелділігінің сызықтық ең төменгі шегі жоқ теориясына сәйкес тәуекел шамасы сәулелену дозасына пропорционал және осы нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес дозамен радиациялық тәуекелдің сызықтық коэффициенттері арқылы байланысады.
Toggle Dropdown
Персонал мен халық дозаларының шегін белгілеу үшін қолданылатын тәуекел коэффициентінің орташа есеппен алынған шамасы 0,05 Зв-1 -ке тең қабылданған.
Toggle Dropdown
Ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды қалыпты пайдалану жағдайларында техногенді сәулелену дозаларының шектері жыл бойы жеке өмірлік тәуекелдің мынадай мәніне қарай белгіленеді: персонал үшін 1,0×10-3 , халық үшін 5,0×10-5 .
Toggle Dropdown
Елеусіз аз тәуекел деңгейі 10-6 құрайды.
Toggle Dropdown
Әлеуетті сәулелену көздерінен қорғануды негіздеу үшін жыл бойы мынадай жинақталған тәуекел мәндері қабылданады (сәулеленуге әкелетін оқиға ықтималдығының сәулеленумен байланысты өлім ықтималдығына көбейту): персонал үшін 2,0×10-4 , жыл-1 , халық үшін 1,0×10-5 , жыл-1 .
Toggle Dropdown
9. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын нормативтердің орындалуын бақылау осы нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1-параграф. Бақыланатын жағдайларда техногендік сәулеленуді шектеуге қойылатын нормативтер
Toggle Dropdown
10. Сәулеленуге шалдығатын адамдар санаты үшін (халық, А және Б топтары персоналы) нормативтердің үш сыныбы белгіленеді: