• Мое избранное
Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 тамызда № 28994 болып тіркелді

Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 жылғы № 298- НҚ Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Е. Баттаков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 1 тамыздағы
№ 314-НҚ Бұйрыққа
1- қосымша
Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық өңделген тауарлары мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 08.12.2022 № 470-нқ жылғы Бұйрығына сәйкес (24.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері-өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
2) өнеркәсіп өнімі-өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде өндірілген тауарлар;
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын өңдеуші өнеркәсіпті және өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын ынталандыру шаралары;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 жылғы № 298- НҚ Бұйрығына сәйкес (20.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыртқы сауда қызметін реттеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 жылғы № 298- НҚ Бұйрығына сәйкес (20.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) шығындардың бір бөлігін өтеудің жиынтық мөлшері-ағымдағы қаржы жылында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға берілген барлық өтінімдер бойынша бір өтініш берушіге шығындардың бір бөлігін өтеудің жол берілетін шекті мөлшері;
8) шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері – осы Қағидалардың шарттарына сәйкес есептелетін бір өтініш берушіге шығындардың бір бөлігін өтеу сомасы.
3. Шығындардың бір бөлігін өтеу қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне (не оның еншілес компаниясына, өндірілген өнімді өткізетін ресми өкілге (дистрибьюторға/трейдерге) немесе ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсететіндерге (бұдан әрі – өтініш беруші) осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 08.12.2022 № 470-нқ жылғы Бұйрығына сәйкес (24.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 жылғы № 298- НҚ Бұйрығына сәйкес (20.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінімдер веб-порталда тіркелу кезектілігі тәртібімен қаралады еxport.gov.kz (бұдан әрі-веб-портал) және осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде.
4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, қазақстандық шығарылған әскери және аэроғарыштық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), тауарларды (өнімдерді)өндірушілерді қоспағанда) тікелей немесе жанама тиесілі өтініш берушілер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланбайды qazvac препаратын өндірушілердің, кәсіпкерлердің, қазақстандық тектес қос мақсаттағы (қолданылатын) , мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған), инвестициялық жобаны (инвестициялық басым жобаны және (немесе) арнайы инвестициялық жобаны) іске асыратын өтініш берушілер, оларға қатысты соттың оларды банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғамай тарату және оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген өтініш берушілер, сондай-ақ соңғы екі жылда еңбекақы төлеу қорының кемінде 10% - ы мөлшерінде өсуіне қол жеткізбеген өтініш берушілер мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім берген жылдың алдындағы жыл.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 08.12.2022 № 470-нқ жылғы Бұйрығына сәйкес (24.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 29.01.2024 жылғы № 55-НҚ Бұйрығына сәйкес (28.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 жылғы № 298- НҚ Бұйрығына сәйкес (20.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Уәкілетті орган төлемдер кестесіне сәйкес шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтының (бұдан әрі – Оператор) ағымдағы шотына осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушілердің шығындарының бір бөлігін кейіннен өтеуге дейін өнеркәсіпті мемлкеттік ынталандыру шараларын ұсынуға көзделген қаражатты аударады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 08.12.2022 № 470-нқ жылғы Бұйрығына сәйкес (24.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.03.2023 № 91-НҚ жылғы Бұйрығына сәйкес  (29.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.02.2024 жылғы № 102-НҚ Бұйрығына сәйкес (29.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк Оператордың ағымдағы шоты бойынша есептейтін барлық сыйақылар ағымдағы шоттағы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосылады және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін пайдаланылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.03.2023 № 91-НҚ жылғы Бұйрығына сәйкес  (29.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
7. Оператор:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 08.12.2022 № 470-нқ жылғы Бұйрығына сәйкес (24.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.03.2023 № 91-НҚ жылғы Бұйрығына сәйкес  (29.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1) жыл сайынғы негізде не уәкілетті органның сұрау салуы бойынша оған бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді;
2) келісім жасасады (екіжақты не/немесе үшжақты), сондай-ақ өтініш берушіге тараптар жасасқан келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде отандық тауарлар мен өңдеу өнеркәсібінің қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде берілген ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді.
3) Республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде осы Қағидалар шеңберінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды жүзеге асырады.
3-1) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде, осы Қағидаларға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
7-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.02.2024 жылғы № 102-НҚ Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде, осы Қағидаларға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелердің мониторингін жүзеге асырады.
7-тармақ 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 20.02.2024 жылғы № 102-НҚ Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Өтініш беруші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді және оған құжаттарды, ақпаратты, бастапқы деректерді, есептерді, негіздемелерді қоса береді. Өтінім Операторға веб-портал арқылы электрондық түрде ұсынылады еxport.gov.kz (бұдан әрі-веб-портал), өтініш берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады (өтінімге қол қоюға растайтын құжат болған кезде).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 08.12.2022 № 470-нқ жылғы Бұйрығына сәйкес (24.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Өтініш беруші өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды «PDF (Portabledocumentformat)» электрондық форматында ұсынады.
2-тарау. Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі
9. Өтініш берушінің өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарларын ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:
1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар:
бұқаралық ақпарат құралдары (баспа, теледидар, радио, интернет-ресурстар), мамандандырылған және жарнамалық журналдар мен каталогтар арқылы шетелдегі жарнамаға;
Шетелдегі қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, кермелер, лайт-бокстар, аудио-бейнероликтерді трансляциялау, көлік құралдарының сыртқы беттеріндегі жарнама), қоғамдық көлік салондарындағы жарнама;
осы мақсаттарға арналған аудио-бейнероликтер мен жарнамалық материалдарды дайындауға, жарнамалық құрылымдар мен беттерді жалға алуға;
2) шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, Конгресстерге, саммит және конференцияларға тікелей қатысуға арналған шығындар (оның ішінде онлайн форматта):
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 02.08.2024 жылғы № 298- НҚ Бұйрығына сәйкес (20.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
іс-шара шеңберінде жекелеген жабық сессияларға қатысу үшін тіркеу жарнасын және қосымша жарналарды төлеуге;