Toggle Dropdown
9
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
2
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Toggle Dropdown
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Toggle Dropdown
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 7- қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 24, 29, 34, 44 тармақтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына, «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мыналарды:
Toggle Dropdown
1) тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына;
Toggle Dropdown
2) тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне;
Toggle Dropdown
3) тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Стандарт:
Toggle Dropdown
1) білім беру бағдарламаларының вариативтілігін қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік және вариативтік оқу жоспарларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік және білім беру (вариативтік, жеке, бейімделген, қосымша) бағдарламаларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
3) меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарында (бұдан әрі - мектепалды сыныптар) тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік материалдар әзірлеу;
Toggle Dropdown
4) мектепке дейінгі ұйымдағы жас топтарының күн тәртібін әзірлеу;
Toggle Dropdown
5) әрбір баланың жан-жақты дамуы мен әлеуетін ашуға қолайлы жағдайлар жасау;
Toggle Dropdown
6) балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін арнайы жағдайлар жасау;
Toggle Dropdown
7) баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру;
Toggle Dropdown
8) балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Осы Стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:
Toggle Dropdown
1) білім алу үшін арнайы жағдайлар – оқу, сондай-ақ арнайы, жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, өмір сүру ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдауды, медициналық, әлеуметтік және ерекше балалардың, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін қажетті өзге де іс-әрекеттерді қамтитын жағдайлар;
Toggle Dropdown
2) дамытушы орта - заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта;
Toggle Dropdown
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар (бұдан әрі – ерекше балалар) – тиісті деңгейде және қосымша білім алу үшін арнайы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілігі бар балалар;
Toggle Dropdown
4) баланы толыққанды дамыту - қимыл белсенділігіне жағдай жасау, пайдалы және құнарлы тамақтандыру, жағымды қарым-қатынас орнату және дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін баланың физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоционалдық денсаулығы мен қауіпсіздігі;
Toggle Dropdown
5) оқу бағдарламасы – меңгерілуі тиіс білім, біліктердің, дағдылар мен құзіреттіліктердің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
Toggle Dropdown
2-тарау. Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
4. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін:
Toggle Dropdown
1) осы стандартқа;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына 1-қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар);
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы);
Toggle Dropdown
5) мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Тәрбиелеу-білім беру процесінде:
Toggle Dropdown
әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
балалардың құқықтарын, өмірін қорғау, денсаулығын нығайту қамтамасыз етіледі;