Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жұмыс регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 12 тамыз 2019 жылғы № 143 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 21-тармағы 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып,БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 72 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік)құрылымдық бөлімшелерінің,аумақтық органдарының жәневедомстволық бағынысты ұйымдарыныңбасшылары Регламентті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін.
4. Агенттіктің Заң департаментіосы бұйрықтыңАгенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2019 жылғы 12 тамыздағы
№ 143 бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің регламенті
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жүктелген функцияларды орындау процесіндегі Агенттіктің қызметінің жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бекітіледі.
2. Агенттіктің қызметі жариялылық жағдайларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін деңгейде жүзеге асырылады.
Агенттіктің бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын ресми хабарламасына арналған материалдар, анықтамалар, заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы қорытулар Төрағамен, жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен келісілгеннен кейін Агенттіктің жұртшылықпен байланыс департаментіне (бұдан әрі - ЖБД) беріледі. Осы материалдардағы мәліметтерді дайындаған құрылымдық бөлімшелердің басшылары олардың дұрыстығы мен толықтығына жауапты болады.
3. Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарды қабылдау, өңдеу мен бөлу, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі), «Электрондық құжат айналымы мен электрондық цифрлық қолтаңба туралы» (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы туралы Заң) заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Регламентте айқындалады.
Құпия іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулыққа) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 30.06.2021 №110; жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 12.05.2022 № 95 бұйрығымен.
4. Агенттікте ұзақтығы сегіз сағаттық жұмыс уақыты белгіленді, жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы – 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Осы жұмыс режимі Агенттіктің аппарат басшысының шешімімен өзгертілуі мүмкін.
4-1. Қызметкерлердің мүмкін болатын функциялары мен тиімділігін ескере отырып, аппарат басшысының шешімі бойынша құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде еңбек заңнамасына сәйкес қашықтықтан жұмыс немесе аралас қашықтықтан жұмыс белгіленуі мүмкін.
Қашықтықтан жұмыс істейтін, аралас қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеулерін сақтай отырып, жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Жұмыскерлер, оның ішінде қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін мемлекеттік органның басшысы олардың әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен ұштастыру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимін белгілей алады.
Икемді жұмыс уақыты режимінде:
1) белгіленген жұмыс уақыты;
2) жұмыскер өз қалауы бойынша еңбек міндеттерін орындауға құқылы икемді (ауыспалы) жұмыс уақыты;
3) есептік кезең белгіленеді.
Жұмыс беруші жұмыскерді жабдықпен, ақпараттандыру объектілерімен, байланыс қызметтерімен және Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті өзге де құралдармен қамтамасыз етеді.
Оларды орнату және қызмет көрсету шығындарын жұмыс беруші көтереді.
Қызметкер еңбек міндеттерін орындау үшін өзінің жабдығын, ақпараттандыру объектілерін және өзге де құралдарды пайдаланған немесе байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды көтерген жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімі қызметкермен келісім бойынша белгіленеді.
Ескерту. Регламент 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 01.11.2021 ж. № 193; жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 12.05.2022 № 95 бұйрығымен.
5. Осы Регламентпен белгіленген талаптар Агенттіктің орталық аппаратының, аумақтық органдарының, Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың (бұдан әрі – қарамағындағы ұйымдар) барлық жұмыскерлері мен қызметкерлеріне қолданылады.
Агенттік жұмысын жоспарлау
6. Агенттік өз жұмысын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Агенттіктің Даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Агенттік Төрағасы арасындағы Меморандумына (бұдан әрі – Меморандум), жыл сайынғы операциялық жоспарға және өзге де жоспарларға сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 12.05.2022 № 95 бұйрығымен.
7. Әрбір үш жылда бес жылдық кезеңге арналған Даму жоспары әзірленеді де, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша Төрағаның бұйрығымен бекітіледі.
Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаментімен (бұдан әрі – СӘХБД) құрылымдық бөлімшелермен, қарамағындағы ұйымдармен бірлесіп Даму жоспарының жобасы әзірленеді және Төрағаның орынбасарымен, Агенттіктің Аппарат басшысымен келісіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап, СӘХБД Даму жоспарын бір ай мерзімде әзірлеуін және бекітілуін, сондай-ақ Даму жоспары бекітілген күннен кешіктірмей оны он күнтізбелік күн ішінде Агентіктің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді.
Даму жоспары, сондай-ақ оған өзгертулер мен толықтырулар Бюджеттік кодекспен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесіне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24908 болып тіркелген) сәйкес әзірленеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 12.05.2022 № 95 бұйрығымен.
8. Даму жоспарының іске асыру мониторингісі операциялық жоспардың іске асыру барысының анализі негізінде СӘХБД-мен есептік жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүргізіледі.
Даму жоспарының іс-шараларын орындауын бақылау мақсатында СӘХБД Агенттіктің құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық органдардың және бағынысты ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізе алады.
Даму жоспарын іске асыру туралы есепті дайындауды және Төрағаның орынбасарымен, Агенттіктің аппарат басшысымен келісуді және оны Төрағаның қолымен (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайлану үшін арналған ақпаратты қоспағанда) 15 ақпаннан кешіктірмей интернет-ресурсына орналыстыруды СӘХБД қамтамасыз етеді.
Қажет болған жағдайда СӘХБД растайтын ақпаратты, материалдарды сұрата алады және жыл қорытындысы бойынша Даму жоспарының орындалу есебі, Төраға меморандумы және Операциялық жоспар шеңберінде құрылымдық бөлімшелер ұсынатын деректерге қайта тексеру жүргізе алады. СӘХБД-ның сұратуы бойынша құрылымдық бөлімшелер растайтын құжаттарды екі жұмыс күн ішінде ұсынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 12.05.2022 № 95 бұйрығымен.
9. Қазақстан Республикасының он жылдық кезеңге арналған Ұлттық даму жоспарын іске асыруға СӘХБД Бюджеттік кодекспен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 01-38.49 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12944 болып тіркелген) бекітілген тәртіпте кезекті қаржы жылына арналған Меморандум жобасын әзірлейді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 12.05.2022 № 95 бұйрығымен.
10. Жыл сайын СӘХБД құрылымдық бөлімшілермен және бағынысты ұйымдармен бірлесіп Агенттіктің ағымдағы қаржылық жылда нақты