«2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 208 бұйрығы
«2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті осы бұйрықты мүдделі лауазымды адамдардың назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Р. Дәленов
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 208 бұйрығына қосымша
2020 жылы Қазақстан Республикасы халқыныц Ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылык мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссиянын құрамы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасары, хатшы.
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі (келісу бойынша);
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары (келісу бойынша);
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары (келісу бойынша);
Алматы қаласы әкімінің орынбасары (келісу бойынша);
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары (келісу бойынша);
Ақмола облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша);
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша);
Алматы облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша);
Атырау облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша);
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша); Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары (келісу бойынша); Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары (келісу бойынша); Қостанай облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша); Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша); Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары (келісім бойынша); Павлодар облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша);
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша); Түркістан облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша);
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (келісу бойынша).
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы «22» тамыздағы № 208 бұйрығымен бекітілген
2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссия туралы ереже
1- таpay. Жалпы ережелер
1. 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссия (бұдан әрі - Комиссия) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын (бұдан әрі - халық санағы) дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұскаушылық мәселелерді шешу үшін құрылды.
2. Комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі.
2- тарау. Комиссияның негізгі міндеттері мен құқықтары
6. Халық санағын ұйымдастыру мен өткізу кезінде туындайтын ұйымдастырушылық мәселелер мен проблемаларды шешу бойынша ұсыныстарды әзірлеу Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады.
7. Өзінің міндеттеріне сәйкес Комиссияның мыналарға:
1) орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Комиссия отырыстарына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларын шақыруға және оларды тықдауға;
3) заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар.
3- тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
8. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды, шешімдерді іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке және Комиссия шығаратын шешімдерге дербес жауапкершілікте болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
9. Комиссия жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды,
материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
10. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс беген жағдайда қабылданды деп есептеледі, Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, олай болған жағдайда жазбаша түрде мазмұндалуы және Комиссия хаттамасына қоса берілуі тиіс.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |