Toggle Dropdown
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 тамызда № 29092 болып тіркелді
Редакция 29.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
1) «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 146 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16913 болып тіркелген);
2) «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 11-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы А. Есмагамбетова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
ҚР Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 10 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-78
Бұйрығымен бекітілген
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне (бұдан әрі – объектілер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) санаторий-курорттық ұйымдар – курорттарда немесе емдеу-сауықтыру орындарында: санаторий (ересектерге, ересектер мен балаларға, балаларға арналған), студенттік санаторий-профилакторий, балаларды оңалту-сауықтыру орталығында орналасқан, медициналық және өзге де қызметтерді, табиғи емдік факторларды қолдана отырып, адам денсаулығын сауықтыру және қалпына келтіру бойынша санаторий-курорттық қызметтер көрсететін ұйымдар;
2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.
2-тарау. Балалардың сауықтыру және санаторий объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, жаңасын салуға, реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға және жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейтуге, қайта бейіндеуге және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Объектілердің құрылысына жер учаскесін таңдау, жобалау, жаңасын салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту, қайта бейіндеу және пайдалануға беру «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес айқындалады, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 46-бабына, Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидаларға, гигиеналық нормативтерге, техникалық регламенттерге (бұдан әрі – нормалау құжаттары) және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Объектілер үшін жер учаскесі құрғақ, желдетілетін етіп таңдалады. Учаске шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін қолайлы кірме жолдары мен жағдайлары бар атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел жағында болады.
Балаларды сауықтыру объектілері (бұдан әрі – БСО) кәсіпорындардың, құрылыстардың және өзге де объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарынан, санитариялық ажыраулардан, гараждардан, автотұрақтардан, автомагистральдардан, теміржол көлігі объектілерінен, әуе көлігінің ұшу және қону маршруттарынан тыс орналастырылады.
БСО-ның аумағында және үй-жайларда олармен байланысы жоқ объектілерді функционалдық түрде орналастырмайды.
5. Жұмыс істеп тұрған объектілерді жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, объектілердің типіне, қуатына (сыйымдылығына), жұмыс режиміне, мамандануына, қызмет көрсетілетін халық контингенттерінің ерекшелігіне байланысты объектілерді қайта бейіндеу кезінде үй-жайлардың құрамы, жиыны, алаңы және олардың құрылысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, нормалау құжаттарының талаптарына, осы тараудың 7-13-тармақтарына және осы Санитариялық қағидалардың 3-тарауының талаптарына сәйкес айқындалады.
Ғимараттар мен құрылыстарды БСО-ға (жалға) уақытша пайдалану кезінде осы Санитариялық қағидалар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің, нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес үй-жайлардың құрамы, жиынтығы, ауданы бойынша талаптары сақталады.
6. Объектілерді жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, қайта бейіндеу кезінде және учаскеде әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық үй-жайлардан топтық оқшаулау қағидаты сақталады.
7. Балаларды сауықтыру объектілерінде (бұдан әрі – БСО) жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, қайта бейіндеу кезінде бір жатын бөлмедегі орын саны бір балаға 4 шаршы метр (бұдан әрі – м2 ) есебінен көзделеді.
Балаларды сауықтыру объектілері– ол балаларды сауықтыру, олардың демалысы кезінде жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын, 6 жастан бастап балаларды сауықтыруға арналған объектілер, оның ішінде маусымдық және жыл бойы жұмыс істейтін БСО, сондай-ақ балалардың демалыс базалары мен орындары.
8. Объектілерді жобалау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, қайта бейіндеу кезінде бір балаға 2 м2 есебінен ойын бөлмесінің ауданы, санаторийдегі тұрғын бөлменің ауданы бір орынға кемінде 6 м2 есебінен көзделеді.
9. Санаториялық объектілерде сумен емдеуге, балшықпен емдеуге арналған емдеу корпустары жеке тұрған ғимараттарда орналастырылады. Жобалық оқшаулау кезінде жапсарлас салынған объектіге орналастырылады.
Шешінетін бөлмелер, санитариялық торап және себезгі бөлмелері жеке кіретін есігі бар жеке блоктарға топтастырылады
Балшықтарды сақтау үшін тек қана таза балшықты пайдалануға есептелген бірнеше бассейндер көзделеді.
Санаторий объектілері– бұл белгіленген режимді сақтаған кезде, алдын алуға, медициналық оңалтуға (санаторий-курорттық емдеуді қоса алғанда) және басым табиғи жағдайларды, оның ішінде табиғи емдік физикалық факторларды (климат, минералды сулар, балшықтар), физиотерапиялық әдістерді, емдік дене шынықтыруды пайдалана отырып, демалуға арналған ұйымдар, оның ішінде санаторий-курорттық ұйымдар, туберкулезге қарсы ұйымдар (санаторийлер).
10. Санаторийлерде бальнеологиялық рәсімдерді (су рәсімдері) жүргізу үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің, «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес дербес бальнеотехникалық құрылғылары бар жеке үй-жайлар жабдықталады.
Емшара кабинеттерінде әрбір кушетка (кресло) жеке кабиналарда орнатылады. Бір емшара кабинетіндегі кушеткалардың (креслолардың) саны сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес объектінің ерекшелігіне, оның жұмыс режиміне, рәсімдердің мамандануына байланысты емшара кабинетінің алаңын және бір кушеткаға ауысымда жүзеге асырылатын рәсімдердің есептік санын ескере отырып айқындалады.
11. Емдік массаж жүргізуге арналған үй-жайлардың құрамында объектілерде массаж жасауға арналған кабинеттер, себезгі бөлмесі көзделеді және пациенттердің сыртқы киімдерін ауыстыру және уақытша сақтау үшін жағдайлар жасалады.
12. Үй-жайлардың ішін әрлеу үшін жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, олардың сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттары бар уытты емес құрылыс материалдары пайдаланылады.
13. Барлық үй-жайлардың төбелерінің, қабырғаларының, едендерінің беттері тегіс орындалады, үй-жайдың қолданылу мақсатына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді, пішіні бұзылмаған, зақымданбаған және грибокпен зақымдану белгілерінсіз орындалады. Еденнің үстіңгі беттері санитариялық өңдеуге жол беретін, жинауға ыңғайлы, сырғуды болдырмайтын материалдардан көзделеді.
Ылғалды жұмыс режимі бар үй-жайларда, сондай-ақ ылғалды ағымдағы дезинфекциялауға жататын үй-жайларда (оның ішінде медициналық және сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған үй-жайлар, ас блогы, ванна, себезгі, санитариялық тораптар, кір жуу орны, кір жуу бөлмесі, медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар) қабырғалар мен еденнің беттері ылғалға төзімді материалдарды пайдалана отырып орындалады.
14. Объектілердің аумағында зақымдалмаған қоршау көзделеді.
Объектілер учаскесіне кіру жолдары мен кіреберістер, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға жаяу жүргіншілер жолдары, тротуарлар мен пандустар қатты материалдардан жасалған, тегіс, сырғанауды болдырмайтын, тазалауға, жинауға қолжетімді және ыңғайлы жабынымен көзделеді.
Балаларды жыл бойы сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-84 бұйрығы) сәйкес нысан бойынша объектіні пайдалануға беру басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны бір рет алады, балаларды маусымдық сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жазғы сауықтыру маусымы басталғанға дейін жыл сайын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.
15. Объектілерде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіледі.