Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 571 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 571 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау талаптарын және қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 829 қаулысы.
2. «Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 742 қаулысы.
3. «Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 қаулысы.
4. «Жолаушыларға және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарға, олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына тексеріп қарауды жүргізу қағидалары мен оған қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1102 қаулысы.
5. «Қызылорда қаласының әуежайына әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге рұқсат беру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің тізбесін бекіту туралы» 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 және «Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы» 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1134 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы.
6. «Ақтау халықаралық теңіз сауда портының кейбір мәселелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және «Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 544 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы.
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 6-тармағы.
8. «Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 804 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |