• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 53

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысы

Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР Үкіметінің 29.05.2024 жылғы № 421 Қаулысына сәйкес (01.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
Редакция 22.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  • 1
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
4. Осы қаулы:
2022 жылғы 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 100) және 101) тармақшаларын;
2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 138) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Ереженің 104) тармақшасының қолданысы 2022 жылғы 24 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«104) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу;».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 19 тамыздағы № 580
 қаулысымен
бекiтiлген
  • 19
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылымды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер заңнамаға сәйкес уәкілетті берілген болса, Министрлік мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  • 2
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.10.2022 жылғы № 834 Қаулысына сәйкес (19.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен оның өкiлеттiгiне жататын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында, сондай-ақ тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласында халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.06.2023 жылғы № 443 Қаулысына сәйкес (11.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау.
14. Өкілеттіктер:
  • 2
1) құқықтары:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
орындалуы міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволарға беру;
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;
Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша қызметкерлерді көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;