• Мое избранное
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.02.2024 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 603 қаулысы

Осы Қаулы 2024 жылғы 2 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:
11-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды) қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен);»;
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруын (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда);»;
21-тармақтың 5), 6) және 7) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған деректер базасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектікке жататындығы туралы мәліметтерді растау (қажет болса);
6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесінің (-лерінің) немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішіндегі үшінші топтағы мүгедектікті қоспағанда);
7) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және/немесе «Автомобиль» деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған жылжымалы мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектікті қоспағанда).»;
22-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектікті қоспағанда);»;
32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды;»;
Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 5-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 6-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы
 № 603 қаулысына
1-қосымша
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім
 ____________________________
облысының (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың)
 ____________________________
 ____________________________
 (заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру (өз бизнесін құру) үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысатынымды мәлімдеймін.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:
заңды тұлға үшін:
  атауы _______________________________________________________
  бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________
  басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________
  басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ____________
  мекенжайы __________________________________________________
  телефон (факс) нөмірі__________________________________________
жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:
  атауы _______________________________________________________
  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________
  ЖСН _______________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
  нөмірі ______________________________________________________
  кім берді ____________________________________________________
  берілген күні ________________________________________________
  мекенжайы _________________________________________________
  телефон (факс) нөмірі__________________________________________
Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:
  орналасқан жері ______________________________________________
  хабарлама күні _______________________________________________
2. Шағын кәсіпкерлік субъектісінде екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы туралы мәліметтер:
  Банк деректемелері: __________________________________________
  Банктің атауы: _______________________________________________
  БСК ________________________________________________________
  ЖСК _______________________________________________________
  БСН _______________________________________________________
  Кбе ________________________________________________________
  3. Сұратылатын ақша қаражаты, барлығы, мың теңге ______________;
оның ішінде жылдар бойынша:

Р/с №

Жыл

Сома, тг

Мақсаты (бизнес-жобаны егжей-тегжейлі ашу)

1


 


 


 

2


 


 


 

Мынаны:
1) бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешегім жоқ екенін;
2) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру үшін ғана ұсынылғанын растаймын.
Мен:
1) өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға;
2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге кепілдік беремін.
Мен:
1) өңірлік үйлестіруші мен конкурстық комиссияның ұсынылған мәліметтерді тексеруіне жол берілетінімен;
2) өңірлік үйлестірушінің көрсетілген деректердің анықтығын тексермеуіне жол берілетінімен;
3) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтындығымен;
4) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға ұсынуға құқылы екенімен;
5) өңірлік үйлестірушінің кәсіпкер өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдыратынымен, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар мемлекеттік грант ұсынылмаса да, өңірлік үйлестірушіде сақталатынымен;
6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қарауына қабылдауымен, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге) өңірлік үйлестірушінің нысаналы грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынымен келісемін.
Конкурстың шарттарымен және 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен таныстым.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.
  Өтінім беруші қол қойып, 20__ жылғы «__» ______ сағат 00:00-де жіберді:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
  Өңірлік үйлестіруші 20 __ жылғы «__» ______ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімге қосымша
Нысан
Жоба туралы мәліметтер
1. Жалпы ақпарат:
  жобаның атауы ______________________________________________;
  жобаның қысқаша сипаттамасы ________________________________;
  жобаны іске асыру орны ______________________________________;
  жобаны іске қосу күні _________________________________________;
  қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады) __________;
  өнімді/көрсетілетін қызметті пайдаланушылардың нысаналы аудиториясы __________;
  жер учаскесінің және/немесе үй-жайдың болуы (жалға алу немесе жеке меншік) ______;
  учаскенің және/немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі (бар болса) ______;
  қажетті жабдықтың/қосалқы материалдардың болуы (бар болса тізбелеу): ___________.
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кәсіпкердің қызметі туралы деректер:
  секциясы: ___________________________________________________;
  бөлімі: ______________________________________________________;
  тобы: _______________________________________________________;
  сыныбы: ____________________________________________________;
  кіші сыныбы: ________________________________________________.
2. Жобаны/өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы:
  өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау_________________________________;
  ұсынылатын өнім алуы мүмкін нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу _____;
  зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер _______;
  өнімді әлеуетті тұтынушылармен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алуға әзірлігін растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары) _______________________________;
  осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі ықпал етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалар бойынша артықшылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы, өнімнің қатардағы емес сапасы, географиялық және өзге де ерекшеліктері) ___________________;
жасалатын өнімнің бәсекелік артықшылықтары, техникалық-экономикалық сипаттамаларын аналогтармен салыстыру (техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдерге салыстырмалы талдау келтіріледі (аналогтармен салыстыра отырып, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін ұсынылатын техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтемелер):

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

ұсынылатын үлгі

1 аналог

2 аналог


 


 


 


 

3. Жоба командасы:
  жалдамалы қызметкерлер саны______________________________;
  кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыру жоспарланып отырған саладағы жұмыс тәжірибесі (тиісті құзыреттің, машықтардың, дағдылардың немесе білімнің болуы) _______________________________________.
4. Жобаны іске асыру:
  жобаның өтелу мерзімі, ай ______________________________;

Шығыстардың түрлері

Шығыстар баптарының атауы

Шығыстар сомасы, мың теңге

Меншікті қаражат


 


 

Грант қаражаты


 


 

Барлығы:


 


 

5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:
5.1 өтінім берілген күнге ақпарат:

Басшыны қоспағанда, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарының саны, адам


 

Алдыңғы қаржы жылындағы салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге


 

5.2 болжамды ақпарат:

Жылдар

Болжам

4 жыл бойынша сомасы

ағымдағы жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл


 

Құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны, адам


 


 


 


 


 

Салықтар түріндегі жаңа түсімдердің сомасы, мың теңге


 


 


 


 


 

Таза пайда, мың теңге


 


 


 


 


 

6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалту, оның бүліну және толық табыс алмау ықтималдығы)


 


 

Маркетингтік (тауарды өткізу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен толық пайда алмау ықтималдығы)


 


 

Салалық (саланың экономикалық жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде борышкердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындардың ықтималдығы)


 


 

7. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с №

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (.pdf форматында)

1

2

3

1

Кәсіпкердің ұлттық жоба шеңберінде курстарда қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжат (бар болса)


 

2

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 % ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


 

8. Қосымша мәліметтер:
1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігін сипаттаңыз (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау) (жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуге тиіс);
2) сіздің пікіріңізше, бизнес-жобаның енгізуге әзірлігін сипаттаңыз (өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);
3) жобаны іске асырудан қандай экономикалық пайда бар екенін сипаттаңыз;
4) сіздің пікіріңізше, осы жоба бойынша өтелу мерзімі жобаны тиімді басқару үшін қаншалықты жеткілікті екенін сипаттаңыз;
5) осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын есептеу кезінде сіздің нені басшылыққа алғаныңызды, бұл санның қажетті нәтижелерге қол жеткізуге сәйкестігін сипаттаңыз;
6) осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін оның мақсатқа қол жеткізу үшін сәйкестігі бөлігінде сипаттаңыз;
7) сіздің пікіріңізше, жобаны іске асырудан таза пайда алу қаншалықты тұрақты болатынын сипаттаңыз (жобаны іске асыруға маусымдылықтың, мереке күндерінің әсер етуіне байланысты бағаланады);
8) тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау бойынша жоспарланып отырған іс-қимылдарыңызды сипаттаңыз (бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет);
9) жобаны іске асыру үшін өткізу нарықтарын, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша бар әзірлемелерді немесе әлеуетті тапсырыс берушілермен алдын ала уағдаластықтарды сипаттаңыз;
10) бизнес-идеяның жаңашылдығын сипаттаңыз (бірегейлігі, қолданушылығы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтарының болуы) (мүгедектігі бар адамдар үшін қолданылмайды).
9. Қосымша ақпарат:
Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске арналған шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), көрсеткіштердің Excel форматындағы есебін қоса берілсін.
Excel форматында кесте түріндегі есептерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістердің, шығыстардың, ақша қозғалысының жоспар-болжамының есебі. Кірістердің қызмет түрлері бойынша таратып жазылған, шығындардың шығындар баптары бойынша таратып жазылған есебі. 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 тамыздағы № 603 қаулысына
2-қосымша
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына
5-қосымша
Кәсіпкердің жобасын бизнес-идеялар шеңберінде бағалау өлшемшарттары

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Сипаттамасы мен салмағы

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды)

Балдар қосындысы

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

Балдар қосындысы

3.

Әзірлік дәрежесі

Балдар қосындысы

4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы

2 балл – жобаны іске асыру үшін талап етілетін меншікті инфрақұрылымның болуы;

1 балл – бизнес-жобада оны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымды құру көзделеді.

5.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды)

2 балл – 20 %-дан жоғары; 1 балл – 10 %-дан 20 %-ға дейін.

6.

Жобаның аналогтармен салыстырғандағы артықшылықтары

Бар – 1 – 2 балл/жоқ – 0 балл

7.

Жобаның экономикалық орындылығы

Балдар қосындысы

1) Бизнес-жобаның жаңашылдығын бағалау

Бизнес-жоба жаңашылдығының өлшемшарттары

Балдар

Жобаның өзектілігі мен бірегейлігі (бизнес-жобаны іске асыру өңірінде аналогтардың болмауы)

2 балл – аналогтардың болмауы; 1 балл – аналогтары бар, алайда бизнес-жобаны іске асыру бағыты жаңа және өңір үшін перспективалы.

Жобада ұсынылатын шешімдердің жаңашылдығы (өткізу арналары, маркетингтік стратегия құру, өнімнің материалы/өндіру тәсілі)

2 балл – сәйкес келеді; 1 балл – ішінара сәйкес келеді; 0 балл – сәйкес келмейді.

Жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жарақтандырудың болуы)

2 балл – жобада заманауи технологиялар қолданылады; 1 балл – бар; 0 балл – жоқ.

Өндірілетін тауарға/көрсетілетін қызметке патенттің болуы (зияткерлік меншік объектісінің болуы)

2 балл – бар; 0 балл – жоқ.

Бизнесті кеңейту перспективасы (оның ішінде нарыққа өнімді немесе бизнес-процесті ілгерілету стратегиясының болуы, нарық қажеттілігінің болуы, жеке капиталды қаржыландыруға тарту перспективасы).

2 балл – сәйкес келеді; 1 балл – ішінара сәйкес келеді; 0 балл – сәйкес келмейді.

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

2) Бизнес-жобаның тиімділігін бағалау

Тиімділік өлшемшарттары

Балдар

Бизнес-жобаның өтелу мерзімі

2 балл – 3 жылдан аспайды; 1 балл – 3 жылдан асады; 0 балл – 7 жылдан асады.

Бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы)

Бар – 1 – 2 балл/жоқ – 0 балл

Бір өнім берушіге не сатып алушылардың шағын тобына тәуелділік

Жоқ – 1 – 2 балл/Иә – 0 балл

Тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды жеткізу/қызметтер көрсету/жұмыстарды орындау/технологияларды/ франшизаларды/патентті және т.б. сатып алу шарттарының/келісімшарттарының болуы

2 балл – бар; 1 балл – жоқ.

Бизнес-жобаны іске асыру үшін мешікті үй-жайдың болуы

2 балл – бар; 1 балл – жалға алынатын үй-жай.

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

3) Бизнес-жобаның әзірлік деңгейін бағалау

Бағалау өлшемшарттары

Балдар

Өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі

2 балл – қажеттілік пен өнімді нарыққа ілгерілету арналары бар; 1 балл – нарықтағы бәсекелестік тұрғысынан қажеттілік төмен, ілгерілету арналары тиімсіз; 0 балл – жоқ.

Білікті мамандар командасының болуы

2 балл – бар; 0 балл – жоқ.

Жобаларды іске асырудағы тәжірибенің болуы

2 балл – 3 жылдан асады; 1 балл – 3 жылға дейін.

Бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе).

2 балл – мүмкін; 1 балл – барынша аз инвестициялармен мүмкін; 0 балл – мүмкін емес.

Жобаның құны (бизнес-жобаны толық аяқтауға меншікті және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау жүргізу)

2 балл – жеткілікті, көрнекі салыстырмалы талдау бар; 1 балл – жоба қосымша қаражат тартуды талап етеді, бұл ретте бизнес-жобада тартудың әдістері мен көздері ашып көрсетіледі.

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

4) Жобаның экономикалық орындылығын бағалау

Бағалау өлшемшарттары

Балдар

Жұмыс орындарын құру

2 балл – жоба жұмыс орындарының жеткілікті санын құруды білдіреді; 1 балл – жұмыс орындарының мәлімделген санын құра алмау тәуекелі бар.

Бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы)

Бар – 1 – 2 балл/жоқ – 0 балл

ЖИЫНЫ

Балдар қосындысы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 тамыздағы № 603 қаулысына
3-қосымша
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
 Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттардың берілуінен үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № __ ХАТТАМАСЫ
1. Кәсіпкер туралы қысқаша мәліметтер:
  өтінім нөмірі: _________________ өтінім берілген күн: ________________
  заңды тұлға үшін: атауы _____ БСН _____ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
  дара кәсіпкер үшін: атауы _____ ЖСН ______ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____
2. Жоба туралы қысқаша мәліметтер:
  бизнес-жобаның атауы ____________________________
  бизнес-жобаны іске асыру орны _________________________________
  гранттың сұратылатын сомасы, теңге ______________________________
3. Комиссия мүшелері:
  1) _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) …..
3) …..
Жоба бойынша дауыс беру нәтижелері:
  дауыс беруге барлығы _________________ комиссия мүшесі қатысты, оның ішінде:
   ___дауыс берді;___дауыс берген жоқ («әдепкі бойынша» ең жоғары балл қабылданды).
Комиссияның жобаны қарау нәтижелері:

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Орташа балл:

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды)


 

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі


 

3.

Әзірлік дәрежесі


 

4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы


 

5.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды)


 

6.

Жобаның аналогтармен салыстырғандағы артықшылықтары


 

7.

Жобаның экономикалық орындылығы


 


 

ЖИЫНЫ:


 

  Жоба бойынша балдардың ең жоғары ықтимал сомасы ________ балды құрайды.
  Мемлекеттік грант алу үшін өту балы (балдардың ең жоғары ықтимал қосындысының 70 %-ы): __________ балды құрайды.
  Комиссия шешімі: жоба ________ мың теңге сомасында мақұлданды/мақұлданбады.
Комиссия мүшелерінің қолдары:
1. ЭЦҚ деректері; ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты.
2. …..
3. …..