Toggle Dropdown
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29329 болып тіркелді
Редакция 14.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшалары күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейiнгi және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетов
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
1-қосымша
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары
1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) 5-бабы 68) тармақшасына сәйкес әзiрленген және мектепке дейінгі ұйымдар қызметінiң тәртiбiн айқындайды.
2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:
1) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау;
2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастықта болу;
5) ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын сақтау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету;
6) баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған өзгеретін ойын және тақырыптық зоналарды (аймақтарды), инклюзивті дамыту ортасын құру;
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен вариативтілігін қамтамасыз ету, қауіпсіз және жайлы білім беру жағдайларын жасау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында қарастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері құрылады.
4. Мектепке дейінгі ұйымдар:
1-3-ке, 10-ға дейін және одан да көп топтар санымен түрлі жас топтарының болуымен;
5 күндік жұмыс аптасымен балалардың 4, 9, 10, 5, 12, 24 сағат болуымен;
6 күндік жұмыс аптасымен балалардың 4, 9, 10, 12, 24 сағат болуымен ерекшеленеді.
5. Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері:
бөбекжай-бақша - бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады;
балабақша - үш жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балаларға арналған мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады;
отбасылық бөбекжай - отбасы мүшелерінің тікелей қатысуымен құрылады және әртүрлі жастағы топтардың (бір-үш жастағы балалар, үш-бес жастағы балалар) болуын қарастырады;
санаториялық бөбекжай-бақша - бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады және балалар ауруларының диагнозына байланысты дәрілік және физиотерапиялық емдеуді, сауықтыру-профилактикалық шараларды (шынықтыруды, емдік дене шынықтыруды, массажды) жүргізеді;
мектепке дейінгі шағын орталық - бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады, балалардың толық немесе жарты күн болуымен білім беру ұйымдарының жанында жұмыс істейді;
арнайы бөбекжай-бақша - бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, күтім жасау және сауықтыру үшін арнайы жағдайлар жасайтын мектепке дейінгі ұйым;
арнайы балабақша – үш жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, күтім жасау және сауықтыру үшін арнайы жағдайлар жасайтын мектепке дейінгі ұйым.
6. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі құрылымдық бірлігі жас тобы болып табылады, топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жасақталады.
7. Жас ерекшелігі бір қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы:
1) ерте жас тобы (1 жастағы балалар) – 10 баладан артық емес;
2) кіші топ (2 жастағы балалар) – 20 баладан артық емес;
3) ортаңғы топ (3 жастағы балалар) - 25 баладан артық емес;