• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 және «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 644 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:
22-тармақтың 2) тармақшасыныңекінші бөлігінің он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат;»;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.01.2023 жылғы № 10 Қаулысына сәйкес (02.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.