Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 666 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 9 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.11.2023 жылғы № 1041 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Отбасы мүшелерін, сондай-ақ асырауындағы адамдарды қоспағанда, инвесторлық виза алғандар.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |