«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 және «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 264 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 320/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қыркүйекте № 29662 болып тіркелді
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8568 болып тіркелген);
2) «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 264 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13964 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин