• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.06.2024 г

Отправить по почте

1

«Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 344/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қыркүйекте № 29839 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2024 жылғы 19 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.05.2024 жылғы № 305/НҚ Бұйрығына сәйкес 
1. «Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14157 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларында:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) гибридтік жөнелтілім – пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа хат (пошта карточкасы) түрінде жеткізілетін электрондық хат (хабар) не пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық хат (хабар) нысанында жеткізілетін хат;
2) пошта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылауды, қызметті үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
3) пошта операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
4) пошта операторының қызметтерін пайдаланушы – пошта операторы ұсынатын, оның ішінде пошта операторымен жасалатын шарттар негізінде ұсынылатын қызметті тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
5) Ұлттық пошта операторы – «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;
6) электрондық абоненттік пошта жәшігі – электрондық пошта мекенжайы болып табылатын және электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпараттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру және оларды сақтау үшін пошта операторының, Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының домендік атауы;
7) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі – пошта жөнелтілімдерінің электрондық нысанда, оның ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық құжат айналымы шеңберінде жіберілуін қамтамасыз ететін, Ұлттық пошта операторының баршаға қолжетімді ақпараттық жүйесі болып табылады.»;
«4. Электрондық абоненттік пошта жәшігі электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпаратты және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді жіберу және оларды сақтау үшін пошта операторының, Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын, Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бірегей және қайталанбайтын электрондық пошта мекенжайы болып табылады.
Электрондық абоненттік пошта жәшігінің домендік атын Ұлттық пошта операторы анықтайды және ол пайдаланушы мен Ұлттық пошта операторы арасындағы пайдаланушы келісімінде сипатталады.
5. Электрондық абоненттік пошта жәшіктері пайдаланушыларға Ұлттық пошта операторы құратын электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған пайдаланушы келісімімен пайдаланушының келісуі негізінде беріледі.
Ұлттық пошта операторының ақпараттық ресурстарында қажетті ақпарат электрондық абоненттік пошта жәшігін құру, қызмет ету және пайдалану шарттары бойынша электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған пайдаланушы келісім орналастырылады.
6. Пайдаланушылар Ұлттық пошта операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда өтініш береді.
1) Ұлттық пошта операторының ақпараттық ресурстарында нақты уақыт режимінде тіркелгенін растайтын құжат, бұл ретте сәйкестендіру және қауіпсіздік мақсатында электрондық цифрлық қолтаңба қолданылады;
Пайдаланушы өтінішін қағаз жеткізгіште ұсынған кезде Ұлттық пошта операторының өндірістік объектісінде өндірістік объектінің жұмыскері оны тіркеуді жүзеге асырады.»;
«8. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің тиісті қызмет етуін Ұлттық пошта операторы мынадай жолмен қамтамасыз етеді:
1) пайдаланушылардың электрондық абоненттік пошта жәшігіне тұрақты, үздіксіз қол жеткізуі және оны пайдалану;
2) электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпаратты және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беруді және оларды сақтауды қамтамасыз ету;
3) ақпараттық жүйені қолдауын және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.»;
«13. Ұлттық пошта операторы пайдаланушыны авторландырғаннан кейін жасалған электрондық абоненттік пошта жәшігін электрондық абоненттік пошта жәшігінің бірыңғай базасына енгізеді.
Пайдаланушыларды сәйкестендіру олардың дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі) сәйкес, заңды тұлғалар – бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша жүргізіледі. Пайдаланушылардың деректерін растау мақсатында Ұлттық пошта операторы мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік дерекқорына қолжетімділік алады.
Ұлттық пошта операторы мен мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциясы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2022 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 344/НҚ
Бұйрыққа қосымша
Электрондық абоненттік пошта
жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің
жұмыс істеуі және электрондық
абоненттік пошта жәшіктерінің
бірыңғай жүйесінде пошта
операторының көрсетілетін
қызметтерін пайдаланушыларды
авторландыру қағидаларына қосымша
Электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы өтініш (жеке тұлға үшін)
 Өтініш беруші __________________________________________________________ (жеке тұлғаның ТАӘ) ЖСН_________________________ Жеке басты куәландыратын құжат: _________________________________________ Тұрғылықты мекенжайы__________________________________________________ Телефондары: үй___________________ мобильді_____________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________(пайдаланушының атауы)__________________________________электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеуді сұраймын. Осы Өтінішке қол қоя және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабын басшылыққа ала отырып, Ұлттық пошта операторының ақпараттық ресурстарында www.post.kz электрондық мекенжайы бойынша орналасқан электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған пайдаланушының келісіміне қосыламын.
Электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы өтініш (заңды тұлға үшін)
 Өтініш беруші _______________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) БСН_____________________________
 Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін): № ___________________ «__» ___________20__ж.___________берілген. Заңды мекенжайы және заңды тұлғаның нақты орналасқан жерінің мекенжайы__________________________________________________________ Телефондары: үй___________________ мобильді__________________________ ____________________________________________________(пайдаланушының атауы) _____________________________________электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеуді сұраймын. Осы Өтінішке қол қоя және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабын басшылыққа ала отырып, Ұлттық пошта операторының ақпараттық ресурстарында www.post.kz электрондық мекенжайы бойынша орналасқан электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған пайдаланушының келісіміне қосыламын.