• Мое избранное
Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29917 болып тіркелді

Редакция 02.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7–бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы В. Дудник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 30 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-107
Бұйрығына 1-қосымша
Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және туберкулез кезінде Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар:
1) амбулаториялық жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек – тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу көзделмейтін, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелеріндегі медициналық көмек;
2) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
3) мәжбүрлеп емдеу – науқасты сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын емдеу;
4) медициналық оңалту – пациент организмінің функцияларын сақтауға, бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
5) пациент – медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
6) стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек – тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын беріле отырып, күндізгі уақытта медициналық байқау мен емдеу көзделетін медициналық көмек;
7) стационарлық жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек – тәулік бойы медициналық байқау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы байқау көзделетін «бір күн» терапиясы және хирургиясы жағдайларындағы медициналық көмек;
3. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек көрсететін ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдарын, актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және осы Стандартты басшылыққа алады және өз жұмысын медициналық қызметке арналған мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады.
4. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмекті (анықтау, диагностика) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсету желілерінің ұйымдарында және медициналық ұйымды, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымдарда көрсетіледі.
5. Халыққа туберкулез кезінде мамандандырылған медициналық көмекті «Терапия», «Учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері», «Фтизиатрия (ересектер, балалар)», «Педиатрия» мамандықтары бойынша сертификаты бар дәрігерлер көрсетеді.
6. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмекті республикалық деңгейде Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (бұдан әрі – ҰФҒО), орындарда – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың фтизиопульмонология орталықтары (бұдан әрі – ФО) үйлестіреді.
7. Туберкулез кезінде халыққа медициналық көмек, сондай-ақ дәрімен қамтамасыз ету Кодекстің 196-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде көрсетіледі.
Туберкулез кезінде ТМККК-ға профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер, сондай-ақ дәрімен қамтамасыз ету, диспансерлік байқау және медициналық оңалту кіреді.
Туберкулез кезінде ТМККК-ге:
1) амбулаториялық жағдайларда туберкулез профилактикасы, диагностикалау және емдеу бойынша қызмет көрсету кезіндегі мамандандырылған медициналық көмек;
2) стационар алмастырушы жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;
3) стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек кіреді.
8. Туберкулезбен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету ТМККК шеңберінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) және «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
9. Туберкулез кезінде медициналық көмек мынадай деңгейлерде Кодекстің 116-бабына сәйкес жоспарлы және шұғыл медициналық көмек нысанында мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек, медициналық оңалту, амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, паллиативтік медициналық көмек түрінде, сондай-ақ үйде және оңалту орталықтарында жүзеге асырылады:
1) бірінші – МСАК ұйымдары мамандарының амбулаториялық, стационар алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;
2) екінші – мамандандырылған медициналық көмек көрсететін бейінді мамандардың амбулаториялық, стационар алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
3) үшінші – жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі.
10. Халықтың негізгі топтарындағы (бұдан әрі – ХНТ) туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау, психология саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, МСАК ұйымдары саламатты өмір салты кабинеттерінің мамандары және үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) тартылады.
ХНТ-ға сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігі шектеулі, мінез-құлық факторларына негізделген туберкулезді жұқтыру және аурудың қаупі жоғары топтарындағы адамдар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар (БТЖА), қамаудағы және бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, есірткі пайдаланылатын адамдар ( ЕПА), алкогольді шамадан тыс тұтынатын адамдар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар (АӨА), мигранттар) жатады.
2-тарау. Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
11. Бастапқы деңгейдегі туберкулез кезінде медициналық көмек көрсету ұйымдарына:
1) аудандық деңгейде:
медициналық пункт;
фельдшерлік-акушерлік пункт;
дәрігерлік амбулатория;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;
аудандық емхана;