Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 793 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 15.12.2023 жылғы № 1128 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 74 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларында:
«7. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 4), 5) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) жол иелері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу туралы шешім қабылдайды;
2) жол иелері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеудің салдарының алдын алу және оларды жою бойынша жедел шаралар қолдануы және көрсетуі үшін кейіннен ол қалпына келтіргенге немесе алып тастағанға дейін ақпарат бере отырып, автовокзалдардың, көлік ұйымдарының, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың көрші облыстардағы аумақтық бөлімшелерінің кезекші-диспетчерлік қызметтерін, шекаралас мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік органдарын хабардар етеді;
3) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жол иелерімен бірлесіп, көлік құралдары мен адамдардың жолдың жабық бөлігіне жүріп өтуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ көлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз жүріп өтуі үшін жағдайды қамтамасыз етеді;
4) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына, шаруашылық автомобиль жолдарына, сондай-ақ елді мекендердің көшелеріне шығуына жол бермеу мақсатында уақытша полиция бекеттерін қояды. Бұдан басқа жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның құқықтық актілеріне сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орналасқан жеріне сәйкес патрульдік полиция нарядтары қойылады;
5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңды талаптарына бағынбау фактілері анықталған жағдайларда, көлік құралдарының жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667-бабына сәйкес шаралар қабылданады.»;
«16. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайларды жою бойынша өткізілген іс-шаралардан кейін жол иелері уәкілетті органдармен олардың құзыреті шегінде бірлесіп, көлік құралдарының жүрісін қалпына келтіру немесе уақытша шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдайды.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |