Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Журналы










Журналы
Отправить по почте

Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қазанда № 30043 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е. Карашукеев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000-1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының табиғи азықтық алқаптарының ірі масштабты (1:1 000-1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу кезінде қолданылады.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) өсімдіктер қоғамдастығы – белгілі бір флористикалық құраммен, құрылыммен, өсімдіктердің бір-бірімен және қоршаған орта факторларымен байланысымен сипатталатын өсімдік түрлерінің азды-көпті тұрақты табиғи тобы;
2) геоботаникалық сипаттама – өсімдік қоғамдастығы түрлерінің сандық қатысуы, дақылдық-техникалық жай-күйі, сондай-ақ контурының сипаттамасы (үлгілерінің атауы, алқап түрі, пайдалану сипаты) көрсетілген олардың толық тізімі;
3) геоботаникалық контурлар – экологиялық жағдайлары (бедері, топырағы, ылғалдылығы), өсімдіктердің құрамы мен құрылымы, дақылдық-техникалық жай-күйі және шаруашылықта пайдаланылуы ұқсас аумақтың учаскелері;
4) табиғи азықтық алқаптың типі (бұдан әрі – тип) – біртекті де, сондай-ақ біртекті емес, кешенді болуы да мүмкін ұқсас немесе жақын (құрамы, азықтық сапасы, топырақ бетінің сипаты бойынша) жайылымдардың бірлестігі;
5) табиғи азықтық алқап типінің айырмасы (бұдан әрі – тип айырмасы) – өсімдік жамылғысының элементарлық бірлігі;
6) шаруашылық түрлендіру (бұдан әрі – түрлендіру) – жайылу әсерінен өзгертілген және нашар желінетін, желінбейтін және улы өсімдіктер басқан, біржылдық немесе эфемерлік типтегі өсімдіктері бар қайталама өсімдік жабыны;
7) кешенді өсімдік жамылғысы – шағын алаңда бір-бірін заңды түрде ауыстыратын екі немесе бірнеше өсімдік қоғамдастығынан құралған өсімдік жамылғысы;
8) макробедер – жер бетінің үлкен учаскесінің жалпы бейнесін айқындайтын бедердің ірі нысандары (тау жоталары, үстірттер, жазықтар, ойпаттар);
9) мезобедер – өзінің шамасы бойынша микробедер мен макробедер арасындағы аралық орынды алатын бедер;
10) микробедер – биіктіктердің бірнеше метрге әдеттегі шашырауы бар бедердің жергілікті нысандары. Микробедер бедердің үлкенірек нысандарының бөлшегі болып табылады;
11) метеорологиялық деректер – мемлекеттік бақылау және автоматты өлшеу желісі станцияларындағы метеорологиялық бақылаулар нәтижелері;
12) очерк – геоботаникалық картаға, табиғи азықтық алқаптардың дақылдық-техникалық жай-күйінің картограммасына, табиғи азықтық алқаптарды жақсарту, пайдалану және қорғау жөніндегі ұсынымдар картограммасына түсіндірме мәтін;
13) индикатор-өсімдіктер – қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларына айқын білінетін бейімделу тән өсімдіктер;
14) негізгі учаске – бұл өсімдіктер мен топырақтың құрамы мен сипатын, олардың белгілі бір ландшафттың табиғи жағдайымен байланысын қажетті сенімділікпен көрсету тән жер учаскесі.
3. Жерге меншік нысанына, жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұқсат етілген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптары табиғи азықтық алқаптар бойынша геоботаникалық іздестірілуі тиіс.
Табиғи азықтық алқаптарды геоботаникалық іздестіру Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабының 3-тармағына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасасу жолымен жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде жүзеге асырылады.
Жайылым айналымдарының схемасын және жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы арасында жасалатын шарт негізінде жайылымдарға геоботаникалық іздестіру (зерттеп-қарау) жүргізіледі.
4. Табиғи азықтық алқаптардың геоботаникалық іздестірулерін жүргізу кезінде мыналар анықталады:
1) өсімдік жамылғысының құрылымы, типологиялық құрамы, ауыл шаруашылығы алқаптары түрлерінің аумақтық орналасуы, алаңы, түсімділігі, азықтың сапасы, табиғи азықтық алқаптардың дақылдық-техникалық жай-күйі, табиғи азықтық алқаптарды қазіргі заманғы пайдалану, оларды ұтымды пайдалану және жақсарту мүмкіндіктері;
2) табиғи азықтық алқаптардың түсімділігі, өсімдіктердің химизмі мен қоректену динамикасының заңдылығы;
3) дәрілік, техникалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктері бар, қорғалуға жататын аса құнды аумақтар.
5. Табиғи азықтық алқаптардың геоботаникалық іздестірулері 1:1 000 – 1:100 000 масштабында жүргізіледі. Геоботаникалық іздестірулер масштабтарын таңдау геоботаникалық іздестірулердің мақсаттарына, күрделілік санатына, аумақтың игерілуіне, алаңына және аймаққа тиесілілігіне байланысты жүргізіледі.
6. Табиғи азықтық алқаптардың геоботаникалық іздестірулері әрбір 15 (он бес) жыл сайын, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған аудандарда – орта есеппен 10 (он) жылда бір рет жүргізіледі.
7. Табиғи азықтық алқаптардың геоботаникалық іздестірулерінің мәліметтері мынадай кездерде қолданылады:
1) табиғи азықтық алқаптардың өсімдік жамылғысындағы өзгерістердің мониторингі;
2) мемлекеттік жер кадастры жүйесінде жер-бағалау жұмыстарын және табиғи азықтық алқаптардың сапалық сипаттамасын жүргізу;
3) табиғи азықтық алқаптарды жақсарту, тиімді пайдалану және қорғау жөнінде ұсынымдар жасау;
4) «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 344 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11155 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспортын толтыру;
5) Қазақстан Республикасы жерлерінің жай-күйі мен пайдаланылуы туралы жиынтық талдамалық есеп жасау;
6) геоботаникалық карталарды жасау;
7) дәрілік, техникалық өсімдіктердің қаптап өскенін анықтау;
8) табиғат қорғау іс-шараларын ұйымдастыру.
2-тарау. Табиғи азықтық алқаптардың ірі масштабты геоботаникалық іздестірулері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
8. Табиғи азықтық алқаптардың геоботаникалық іздестірулерін жүргізу үшін геоботаниктен (бригада басшысы), техник-геоботаниктен және бір жұмысшыдан тұратын арнайы бригадалар құрылады.
9. Табиғи азықтық алқаптардың геоботаникалық іздестірулері толық вегетациялық кезең ішінде қолданыстағы немесе жобаланатын жер учаскелерінің шекараларында жүргізіледі.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |