• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2024 г

Отправить по почте

1

«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 823 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 15.12.2023 жылғы № 1128 Қаулысына сәйкес 
1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында:
«18. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;
4) міндетті сақтандыру түрлерінің бар екенін растайтын сақтандыру полистерінің (шарттардың) көшірмесі;
5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (типтері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ең жоғары сыйымдылығы);
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы үш айдан астам салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;
7) бірінші басшының қолымен және авиакомпанияның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылған анықтама түріндегі тұрақты жолаушылар рейстерін орындау тәжірибесі бойынша ақпарат;
8) қатаң есептілік бланкілерінің үлгілері (тасымалдау құжаттарының үлгілері);
9) автоматтандырылған броньдау мен авиатасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісімнің көшірмесі;
10) конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыруға қойылатын негізгі шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсыныстар;
11) халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлік (субсидияланатын халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурсқа қатысқан кезде).
19. Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бір данада ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігіледі, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылады. Құжаттар жолдар арасында кірістірмелерсіз ресімделеді.»;
«21. Конверттер конкурсты ұйымдастырушыға (комиссияға) заңды тұлғаның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылатын мынадай белгілермен жіберіледі: «Конкурста ғана ашылсын» және «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беруге конкурстық өтінім».»;
«26. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысушы авиакомпаниялардың атауы мен орналасқан жерін, конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты хабарлайды.
Авиакомпаниялар ұсынған жиіліктер саны мен тариф азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Егер конкурс өтті деп танылған жағдайда қатысушылардың конкурстық шарттары жарияланады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия тиісті хаттама жасап, оған қол қояды.»;
«30. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін, осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған авиакомпаниялардың өтінімдері қабылданбайды.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.