• Мое избранное
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 6-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 тамызда № 29007 болып тіркелді

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 1 тамыздағы
№ 6-НҚ бұйрығына
қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 256 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10802 болып тіркелген).
2. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 984 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12869 болып тіркелген).
3. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілігі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 3 ақпандағы № 89 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16516 болып тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 1064 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 9-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19738 болып тіркелген).