• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 850 қаулысы

Редакция 12.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы № қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Нотариат туралы», «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия белгілеген ең төменгі бағамен өткізілмеген, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – әлеуметтік қызмет субъектілері) өтеусіз беріледі.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 432) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«432) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;».
4. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 211) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«211) мүгедектігі бар адамдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жол жүрісі қауіпсіздігін олардың қажеттіліктерін ескере отырып қамтамасыз ету бөлігінде жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және басқаруға арналған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келіседі;».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.01.2024 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (04.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Әділет министрінің м.а. 06.09.2023 жылғы № 644 Қаулысына сәйкес (01.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. «Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 860 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесінде:
2-қосымшада 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдары.»;
4-қосымшада 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мыналарды:
тамақ дайындауға және зардап шеккен отбасылардың тұрғын үйін жылытуға арналған отынды;
мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдарын жеткізу.».
9. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімді мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 178 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат ұлттық қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Өзара іс-қимыл туралы келісімде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кредиттер мынадай талаптарға сай келетін студенттерге ұсынылады:
1) студенттің үлгерімі (өлшемшарттарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды);
2) әлеуметтік мәртебесі:
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;
ата-аналары мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;
көп балалы, табысы аз немесе толық емес отбасыдан шыққан студенттер;