• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 1110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қарашада № 30373 болып тіркелді

Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 31 қазандағы
№ 1110 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 жылғы № 687 Бұйрығына сәйкес (16.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 15.08.2024 жылғы № 546 Бұйрығына сәйкес (31.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарларды және сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз етуді және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу бойынша тендер алдын ала біліктілік іріктеуді қолдана отырып жүргізіледі.
Алдын ала біліктілік іріктеуден өтудің шарты әлеуетті өнім берушінің тауары электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы болып табылады.
Тауарлары осы Қағидалардың 153-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімінде бар әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өткізілмеді деп танылғанда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 153-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын тауарларды сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімінде жүзеге асырылған әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алу өткізілмеді деп танылғанда, сатып алу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы тендерге қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушіден бір көзден жүзеге асырылады.»;
247 және 248-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«247. Сенімді бағдарламалық қамтылым тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімінің санаттарына жататын тауарларды және сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз етуді және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі қолданыла отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізіледі.
Әлеуетті өнім берушінің тауарларының электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенімді бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы алдын ала біліктілік іріктеуден өтудің шарты болып табылады.
248. Тауарлары және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтері осы Қағидалардың 284-тармағында көзделген негіз бойынша электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімінде орналасқан әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өткізілмеді деп танылғанда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 283-тармағында көзделген негіз бойынша электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын тауарлары сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімінде жүзеге асырылған әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алу өткізілмеді деп танылғанда, сатып алу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы тендерге қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушіден бір көзден жүзеге асырылады.».
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 жылғы № 687 Бұйрығына сәйкес (16.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 15.08.2024 жылғы № 546 Бұйрығына сәйкес (31.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)