1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мәртебесі
1-бап өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)










Консультации
Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «жолданым», «жолданымдардың», «жолданымдарын», «жолданымдары», «жолданымы», «жолданымды», «Жолданымның», «жолданымның», «Жолданымдарды», «жолданымының», «жолданымда», «Жолданымды», «жолданымдар», «Жолданымда», «жолданымында», «Жолданымға», «жолданымын», «ЖОЛДАНЫМДАРДЫ», «Жолданым», «жолданымдарды» деген сөздер тиісінше «өтініш», «өтініштердің», «өтініштерін», «өтініштері», «өтініші», «өтінішті», «Өтініштің», «өтініштің», «Өтініштерді», «өтінішінің», «өтініште», «Өтінішті», «өтініштер», «Өтініште», «өтінішінде», «Өтінішке», «өтінішін», «ӨТІНІШТЕРДІ», «Өтініш», «өтініштерді» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мәртебесі
1-бап өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (бұдан әрі – Конституциялық Сот) – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.
Конституциялық Сот өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды және өзге де адамдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Конституциялық заңды басшылыққа алады, соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады.
2-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот туралы заңнамасы
1. Конституциялық Соттың мәртебесі, құзыреті, ұйымдастырылуы және қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда айқындалады және реттеледі.
2. Өз қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі мәселелері бойынша Конституциялық Сот осы Конституциялық заң негізінде Конституциялық Соттың регламентін және өзге де актілерді қабылдайды.
3-бап. Конституциялық Соттың құрамы және оны құру тәртібі
1. Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Конституциялық Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
4. Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
4-бап. Конституциялық Сот судьяларына қойылатын талаптар
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Конституциялық Сот судьялары – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, олардың мәртебесі мен өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда айқындалады.
2. Конституциялық Сот судьяларының саяси партияда, кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.
3. Конституциялық Сот судьясының депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.
Егер Конституциялық Сот судьясы лауазымға тағайындалған кезде саяси партияда, кәсіптік одақта болса, ол тағайындалған күнінен бастап он күн ішінде олардан шығуға міндетті.
5-бап. Конституциялық Сот судьясына кандидаттарға қойылатын талаптар
Конституциялық Соттың құрамына қырық жасқа толған, жоғары заң білімі, құқық саласында жоғары біліктілігі, мінсіз беделі және заң кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.
6-бап. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі
1. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігі сегіз жылға созылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы немесе Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Өз өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ауыстырылады.
7-бап. Конституциялық Сот судьяларының анты
Конституциялық Соттың судьялары өздері тағайындалғаннан кейін мынадай мазмұнда ант береді: «Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы мәртебелі мiндетiн адал әрі әділ атқаруға, турашыл болуға және өз қызметімде Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға, оның үстемдігін қамтамасыз етуге салтанатты түрде ант етемiн.».
Конституциялық Сот судьяларының анты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен қабылданады.
8-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру
1. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі, егер:
1) судья денсаулық жағдайы бойынша қатарынан күнтізбелік алпыс күннен астам уақыт өз міндеттерін орындауға уақытша жарамсыз болған;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңда белгіленген тәртіппен оны ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім берілген;
2-тармақша өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) сот оны хабарсыз кеткен деп тану туралы іс қозғаған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Конституциялық Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентін хабардар ете отырып, Конституциялық Сот Төрағасы орынбасарының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.
Конституциялық Сот Төрағасы Конституциялық Соттың өзге де судьяларының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.
Өкілеттіктерді тоқтата тұру туралы шешім өкілеттіктерді тоқтата тұруға негіздер анықталған күннен бастап он күннен кешіктірілмей қабылданады.
3. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі оны тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
4. Өкілеттігі тоқтатыла тұрған Конституциялық Сот судьясы Конституциялық Соттың отырыстарына қатысуға және Конституциялық Сот судьясының өзге де міндеттерін орындауға құқылы емес.
Кворумды айқындау кезінде өкілеттіктері тоқтатыла тұрған судьялар есепке алынбайды.
5. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтата тұру оны осы Конституциялық заңда белгіленген кепілдіктерінен айырмайды.
9-бап. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігін тоқтату
1. Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі:
1) лауазымнан өз еркі бойынша босату туралы өтініштің берілуі;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату немесе тұруға ықтиярхат не шет мемлекеттің аумағында тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжатты алу;
3) оған қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
4) соттың заңды күшіне енген шешімімен оның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы;
5) соттың заңды күшіне енген шешімімен оның хабарсыз кетті деп танылуы;
6) оның қайтыс болуы немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жариялануы;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |