Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
Отправить по почте
Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Прокуратураның мақсаты
Прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
2-бап. Прокуратура органдары қызметінің құқықтық негізі
Прокуратура органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің қағидаттары
1. Прокуратура өз өкілеттіктерін заңдылық, басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан тәуелсіз болу, Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беру, жариялылық қағидаттарында жүзеге асырады.
2. Прокуратура органдары өз функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде олардың қызметіне қандай да бір араласуға тыйым салынады.
3. Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға, олардың қызметін тексеруді тағайындауға, заңда көзделмеген негіздер бойынша ақпарат не құжаттар сұратуға құқылы емес.
4. Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бөлігіндегі, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңдарының талаптарына қайшы келмейтіндей шамада жария түрде әрекет етеді.
4-бап. Прокуратураның мақсаттары мен міндеттері
Прокуратура адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді;
2) заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтауды және жоюды;
3) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
2-тарау. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰЗЫРЕТІ
5-бап. Прокуратура органдарының жүйесі
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, оған бағынысты ведомстволар, білім беру ұйымы, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдары, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құрайды.
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2023 жылғы № 22-VIII Конституциялық заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген өзге де прокуратура органдары құрылуы мүмкін.
2. Прокуратура органдарының қызметі төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынуы негізінде жүзеге асырылады.
Прокурорлардың бағыныстылығы мыналарды қамтиды:
1) төмен тұрған прокуратуралар үшін жоғары тұрған прокурорлардың жұмысты және қызметті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындау міндеттілігі;
2) төмен тұрған прокурорлардың қызметтік міндеттерін орындағаны үшін жоғары тұрған прокурорлар алдында жауапты болуы;
3) төмен тұрған прокурорлардың өкілеттіктерін қажет болған жағдайларда жоғары тұрған прокурорлардың жүзеге асыруы;
4) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокурорлар актілерінің күшін жоюы, оларды кері қайтарып алуы, тоқтата тұруы немесе өзгертуі;
5) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокурорлардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), актілеріне жасалған шағымдарды шешуі.
3. Бас Прокурор осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен төмен тұрған прокурорлардың бағыныстылығының өзге де нысандарын белгілеуі мүмкін.
4. Прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды.
5. Прокуратураның ведомстволарын, мекемелерін, білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың мәртебесі мен құзыретін айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2023 жылғы № 22-VIII Конституциялық заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Прокуратура органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ұйымдар құрылуы мүмкін.
7. Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Бас Прокурор бекітеді.
6-бап. Прокуратура органдарының құзыреті
Прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес:
мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізудің;
сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, қылмыстық қудалаудың, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметінің;
атқарушылық іс жүргізудің;
заңды күшіне енген сот актілерінің;
қылмыстық жазаларды орындаудың және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудың;
мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың;
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтаудың заңдылығын жоғары қадағалауды;
2) сотта мемлекет мүдделерін білдіруді;
3) қылмыстық қудалауды;
3-1) заңсыз иемденілген активтерді анықтау және мемлекетке қайтару жөніндегі қызметті (бұдан әрі – активтерді қайтару);
6-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2023 жылғы № 22-VIII Конституциялық заңына сәйкес (өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) қылмыстық-құқықтық салада халықаралық ынтымақтастықты, шет мемлекеттердің құзыретті органдарында және халықаралық ұйымдарда қылмыстық қудалау, активтерді қайтару мәселелері бойынша, шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) прокуратураның құзыретіне жататын, оның ішінде активтерді қайтаруға байланысты азаматтық талап қоюды шетелдік соттарға беру жөніндегі мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіруді, халықаралық шарттар жасасуды, қылмыстық-құқықтық саладағы және активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келісуді;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2023 жылғы № 22-VIII Конституциялық заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |