• Менің таңдаулыларым
«Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 16.06.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

«Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30737 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10681 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау жөніндегі жылдық есепті орналастырады.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі А. Куантыров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі