Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

«Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда № 30928 болып тіркелді
Редакция 23.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. «Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 19 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8339 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығына қосымша
«Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылды:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.01.2026 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (21.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық процестің дамуының алдын алу мақсатында пациенттің терісіндегі, сілемейлі қабықшаларындағы, жаралар мен ішкі қуыстарындағы ықтимал қауіпті микроорганизмдердің өмір сүруіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;
2) антисептиктер – антисептика жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар;
3) антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуін бәсеңдететін, табиғи немесе жартылай синтетикалық жасалатын дәрілік препараттар;
4) асептика – операция, емдеу және диагностикалық емшаралар кезінде инфекция қоздырғыштарының пациенттің терісіне, жарасына және ішкі қуыстарына түсуінің алдын алуға бағытталған тәсілдердің жиынтығы;
5) ауруханадан тыс инфекция – стационарға түскенге дейін жұқтырылған және стационарда пайда болған немесе анықталған инфекциялық аурулар;
6) дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;
7) дезинфекциялау құралдары (бұдан әрі – дезқұралдар) – дезинфекциялау (дезинфекциялау құралдары), стерилдеу алдында тазарту, стерилдеу (стерилдеу құралдары), дезинсекциялау (дезинсекциялау құралдары) жүргізуге арналған химиялық және биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер мен педикулоцидтер;
8) инфекцияның көзі – микроорганизмдердің жиналуын, өсуін, көбеюін және қоршаған ортаға бөлінуін қамтамасыз ететін олардың өмір сүруінің табиғи ортасы;
9) инфекциялық бақылау – медициналық ұйымдарда МККБИ туындауының және таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүйесі;
10) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышы организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;
11) инфекциялық бақылау стандарттары – инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
12) медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция (бұдан әрі – МККБИ) – пациенттің медициналық ұйымдарда медициналық қызметтердің барлық түрін алуы салдарынан пациенттердің негізгі ауруына қосылатын бактериялық, вирустық, паразиттік немесе грибоктан пайда болатын инфекциялық ауру немесе қызметкердің сол ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын ауру;
13) стандартты операциялық рәсімдер (бұдан әрі – СОР) – нақты процестің оңтайлы орындалу барысын сипаттайтын құжатталған нұсқаулар жиынтығы, процестің талап етілетін сапа деңгейіне, оның нәтижелігі мен тиімділігіне қол жеткізу үшін орындалу реттілігі мен уақыты туралы ақпаратты қамтиды;
14) тәуекел факторлары – бұл МККБИ пайда болуына мүмкіндік беретін қоршаған ортаның немесе организмнің өзінің жағдайы және инфекция қоздырғышын беруге қатысатын қоршаған ортаның элементтері;
15) штамм – белгілі бір инфекция көзінен бөлінген және уақтылы сыныптау тестілері бойынша сәйкестендірілген бактериялардың, грибоктардың, риккетсия және өзге де микроорганизмдердің таза өсіндісі;
16) экзогенді инфекция – сырттан енген микроорганизмдерді жұқтырудың нәтижесінде дамитын инфекция;
17) эндогенді инфекция – организмнің өз қоздырғыштарының белсенділігі нәтижесінде дамитын инфекция;
18) эндометрит – жатырдың сілемейлі қабығының ішкі беткі қабатында қабыну (эндометрия) үдерісін тудыратын ауру;
19) эпидемиологиялық қадағалау – инфекция жағдайлары туралы деректерді жүйелі жинау, салыстыру және талдау және медициналық көмектің сапасы мен инфекциялық аурулардың профилактикасын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдау үшін жауапты адамдарды ақпаратпен қамтамасыз ету;
20) эпидемиологиялық диагностика – бұл аурулардың пайда болу себептері мен жағдайларын анықтау тәсілдері. Тәуекел бөлімшелерін, тәуекел топтары мен ұжымдарын, сондай-ақ тәуекел уақытын анықтауды, тәуекел факторлары туралы гипотезаларды тұжырымдауды, бағалауды және дәлелдеуді, профилактика бағыттарын негіздеуді және оның нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді. Эпидемиологиялық диагностиканың негізгі бөлімдері ретроспективті және жедел эпидемиологиялық талдау болып табылады.
2-тарау. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3.МККБИ жағдайы аурудың клиникалық көріністері, зертханалық зерттеу деректері, эпидемиологиялық анамнез негізінде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес МККБИ анықтау өлшемшарттары ескеріле отырып қойылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.01.2026 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (21.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Медициналық ұйымдарда МККБИ жағдайы тіркелген кезде бірінші тәулік ішінде санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.01.2026 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (21.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Пациенттің медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шыққаннан кейін инкубациялық кезең ішінде анықталған инфекциялық аурулары медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінде есепке алынуға жатады.
6. Медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінд есепке алуға Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес:
1) жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары – егер үйге шығарылғаннан кейін жеті тәуліктің ішінде пайда болса, генерализацияланған түрлері – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәулік ішінде пайда болса;
2) акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық асқынулар – үйге шығарылғаннан кейін отыз тәулік ішінде пайда болса;
3) хирургиялық араласудың инфекциялық асқынулары – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәуліктің ішінде пайда болса, имплантант болған кезде операция жасалғаннан кейін бір жылдың ішінде пайда болса есепке алынуға жатады.
7. Денсаулық сақтау ұйымы МККБИ-ны тіркеген кезде аумақтық бөлімшеге «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабарлама) беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21532 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына сәйкес шұғыл хабарлама береді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.01.2026 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (21.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Медициналық ұйым қызметкері МККБИ жағдайының тіркелуі туралы мәліметтерді аумақтық бөлімшеге берген кезде пациент медициналық ұйымға келіп түскен күні, МККБИ белгілерінің пайда болған күні, шоғырландыру, бұрын алған медициналық манипуляцияларды (бөлімше, емдеу-диагностикалық емшара түрлері) және эпидемиологиялық деректерді көрсетеді. МККБИ-дың әрбір анықталған жағдайы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24082 болып тіркелген) Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының инфекциялық және паразиттік ауруларды есепке алу (№267/е нысанды) журналына енгізіледі.
9. Ауруханадан тыс инфекция тіркелген жағдайда жұқтыру орын алған медициналық ұйымға және аумақтық бөлімшеге эпидемиологиялық деректерді және медициналық ұйымда жүргізілген клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін көрсете отырып, бір тәулік ішінде ақпарат жіберіледі. МККБИ жағдайы тіркелген кезде аумақтық бөлімшелер эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізеді, тергеп-тексеру барысында инфекцияның көзін, оның берілу факторлары мен жолдарын анықтау, МККБИ жаңа жағдайларының тіркелуінің алдын алу бойынша шара қолданылады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.01.2026 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (21.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Медициналық ұйымдар меншік нысанына қарамастан аумақтық бөлімшелерге тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күннің ішінде әрбір МККБИ жағдайының кезеңдік есептері мен тергеп-тексеру хаттамасын ұсынады.
11. Өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) көзделген тәртіппен жүргізіледі.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2025 жылғы № 39 Бұйрығына сәйкес (02.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.01.2026 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (21.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |