Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте

«Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 369 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31201 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 20 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 04.04.2025 жылғы № 141-НҚ Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10967 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 21-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларында:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Мемлекеттік тізілімді жүргізу тәртібі және шарттары»;
«4. Мемлекеттік тізілімді қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды нұсқада, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізеді.»;
«12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының сұрауы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уәкілетті орган Мемлекеттік тізілімге енген немесе шығарылған ҰМИО туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіпте және мерзімде ұсынады.».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы С. Жарасбаев