• Мое избранное

Отправить по почте

Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 118 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31304 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық депозитарий есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есептің нысаны және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес акцияларды ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Орталық депозитарийдің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың онынан кешіктірмейтін мерзімде;
2) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде;
3) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілік есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде;
4) тоқсан сайын – осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.
3. Мыналардың:
1) «Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 263 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17813 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22309 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулылары тізбесінің 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасын және 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасы және 2-тармағының 2) тармақшасы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы Г. Пирматов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 118 Қаулыға
1-қосымша
Орталық депозитарий есептілігінің тізбесі
Орталық депозитарийдің есептілігінде:
1) орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есеп және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі;
2) экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есеп;
3) акцияларды ұстаушылар тізілімі туралы есеп;
4) қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есеп қамтылады.
Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 118 Қаулыға
2-қосымша
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан  
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есеп және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі  
Әкімшілік деректер нысанының индексі: МТ_3
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
  Есепті кезең: 20___жылғы «___»__________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: орталық депозитарий
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей
Нысан
 1-кесте. Орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ 20__жылғы «___» «___» қолданыстағы мәмілелер.

Тұлғаның атауы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін) не басқа сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Резиденттік елі

Тұлға орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға жатқызылған белгі

Операция түрі

Мәміле мақсаты

Шарттың №

Шарт жасалған күн (талаптарын орындай бастаған күн)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы

 

 

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы:

Шарт қолданысының аяқталу күні (талаптарын орындауды аяқтау күні)

Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі шешімінің не акционерлердің жалпы жиналысының деректемелері (директорлар кеңесі болмаған жағдайда)

Шарт бойынша мәміле сомасы (мың теңгемен)

Валюта түрі

Қамтамасыз ету түрі

Қамтамасыз ету құны (мың теңгемен)

Сыйақы (жылдық пайызбен)

Барлығы

оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарыныңталаптарына сәйкес резервтерді (провизияларды) есептеу кезінде енгізілетін қамтамасыз ету құны

орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен

орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаның пайдасына орталық депозитариймен

10

11

12

13

14

15

16

17

18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы: