• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 11.07.2023 күші жойылды

Отправить по почте

«Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1089 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес 
1. «Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесінде:
резервуарлардың жалпы сыйымдылығы сегіз мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;
резервуарлардың жалпы сыйымдылығы сегіз мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;»;
«8. Жалпы ауданы үш жарым мың шаршы метр және одан көп, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен үш километрден астам қашықтықта орналасқан өрт қаупі, жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар бар өнеркәсіптік өндірістің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар – жолға шығатын техникасы бар.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов