БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

«Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31514 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында:
«7120 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша шығыстар» шотының дебетi және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек», 4130 «Бюджет алдындағы ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек» шоттарының кредитi бойынша активті бір мезгілде тану кезінде туындайтын бюджетпен есеп айырысу бойынша берешекті есептеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, ұзақ мерзімді сипаттағы басқа міндеттемелер бойынша берешек.»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. ҚЕ-3-КБ-ҰМ нысаны бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есепті жасау кезінде уәкілетті органдар жоғары тұрған бюджет алдындағы ұзақ мерзімді қарыздар (бюджеттік кредиттер) бойынша міндеттемелерді көрсетеді.
Бюджет деңгейлері бойынша ҚЕ-3-КБ-ҰМ нысаны бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы шоғырландырылған есептерді қалыптастыру кезінде төмен тұрған бюджеттердің ұзақ мерзімді қарыздары (бюджеттік кредиттері) бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер алып тастауға жатады.»;
«Мемлекеттік мекемелердің және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі электронды түрде және/немесе қағаз тасығышта беттері нөмірленіп және мазмұнымен ұсынылады.»;
«Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері берешектің жай–күйі туралы қаржылық есептілікті беттері нөмірленген және мазмұны жазылған электронды түрде және/немесе қағаз тасығышта және нысандарды толық көлемде АЖ арқылы электрондық түрде ұсынады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы Е. Биржанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1345 бұйрыққа 1-қосымша
Берешек жай–күйi туралы қаржылық есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Дебиторлық берешек туралы есеп __________ жылдарға арналған ________________________________ есепті кезең
Ұсынылады:
бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне/ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға/ ведомствоға
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
www. minfin.gov.kz
Индекс: ҚЕ-1-ДБ-Б нысаны
Мерзімділігі: тоқсандық, жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы:
мемлекеттік мекеме _________________________________________________________
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ___________________________________________
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ___________
бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ____________________________
ведомство_________________________________________________________________
Ұсынылу мерзімі:
мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілейді;
жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар белгілейді;
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін 31 наурызда және 30 қыркүйекте аяқталатын кезеңге – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, 30 маусымда және 31 желтоқсанда аяқталатын кезеңге – ведомство белгілейді;
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы белгiлейді;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы үшін облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы белгiлейді;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары үшін 31 наурызда және 30 қыркүйекте аяқталатын кезеңге –есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары үшін 30 маусымда және 31 желтоқсанда аяқталатын кезеңге – 20 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі 15 ақпанға дейін;
ведомство үшін 31 наурызда және 30 қыркүйекте аяқталатын кезеңге – есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей;
ведомство үшін 30 маусымда және 31 желтоқсанда аяқталатын кезеңге – 25 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі 22 ақпанға дейін.
Бюджеттің түрі ___________________________________________________________
Өлшем бірлігі: мың теңге
|
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі |
Функционалдық топ |
Бағдарлама |
Кіші бағдарлама |
Ерекшелік |
Шот* |
Атауы |
Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |