• Мое избранное
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 119 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31429 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақша қалдықтары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес орналастырылған салымдар туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «кері репо», репо операциялары туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес инвестициялық кірістер туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылған кепілдік төлемдері, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдер туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес меншікті активтерді инвестициялау лимиттерінің сақталуы туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау лимиттерінің сақталуы туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның есептілікті табыс ету қағидалары бекітілсін.
2. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсынады.
3. Мыналардың:
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 261 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14588 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22309 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы Г. Пирматов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 119 Қаулыға
1-қосымша
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым есептілігінің тізбесі
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым есептілігінің тізбесіне мыналар кіреді:
1) ақша қалдықтары туралы есеп;
2) орналастырылған салымдар туралы есеп;
3) бағалы қағаздар туралы есеп;
4) «кері репо», репо операциялары туралы есеп;
5) дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есеп;
6) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві туралы есеп;
7) инвестициялық кірістер туралы есеп;
8) жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есеп;
9) жүзеге асырылған кепілдік төлемдері, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы есеп;
10) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель туралы есеп;
11) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдер туралы есеп;
12) меншікті активтерді инвестициялау лимиттерінің сақталуы туралы есеп;
13) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау лимиттерінің сақталуы туралы есеп.
Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 119 Қаулыға
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне