Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1082 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақ:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Үкіметтің заңнамалық бастамасы шеңберінде дайындалатын қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 256-1), 256-2), 256-3), 256-4), 256-5), 256-6), 256-7), 256-8), 256-9), 256-10) және 256-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«256-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
256-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;
256-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
256-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
256-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
256-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
256-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
256-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
256-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
256-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
256-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;».
2. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:
8-тармақтың он үшінші және он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қатысатын даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта кемінде бір рет талдайды және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда осы Үлгі ереженің 8-3-тармағында баяндалған келісу тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік органның пайдасы көзделмей қабылданған сот актісіне барлық сатыдағы соттарға шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхаттармен жүгінеді;»;
8-1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ескертулерсіз, «әдепкі қалпы бойынша» келісілген жобалардың, тіркелген НҚА санын;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ескертулермен келісілген, келісуден бас тартылған және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА-ның ескертулердің сипаты бойынша:
Конституцияға қайшы келетін;
жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;
бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;
редакциялық ескертулер;
заң техникасы бойынша ескертулер деп бөлінген санын;»;
мынадай мазмұндағы 8-3-тармақпен толықтырылсын:
«8-3. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын міндетті түрде келісу (бұдан әрі – келісу) мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;
2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері тиісті орталық мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;
3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті ведомстволарымен келісуді жүзеге асырады;
4) аумақтық департаменттердің аумақтық бөлімшелері орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық департаменттерімен келісуді жүзеге асырады;
5) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі құрған, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкімдерімен немесе осы Үлгі ереженің 8-3-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес өзге тұлғамен келісуді жүзеге асырады;
6) аудан әкімдері тиісті облыс әкімдерімен келісуді жүзеге асырады;
7) қаладағы аудан әкімдері қаланың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті әкімдерімен келісуді жүзеге асырады;
8) ауылдық округтің, кенттің және ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың әкімдері тиісті аудан әкімдерімен келісуді жүзеге асырады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |