• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 3 қаңтардағы № 188- VII ҚРЗ

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.06.2026 жылғы № 311-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 13.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
16) тармақтағы «Парламент» деген сөз «Қазақстан Республикасы Парламентінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) және 29) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – мемлекеттік қызметтегі адам, мәслихат депутаты, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанына дейін уақытша атқаратын адам, сондай-ақ офицерлер құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әскери лауазымына уақытша тағайындалған немесе оның міндетін уақытша атқаратын адам;»;
«29) сыбайлас жемқорлық қылмыстар – осы Кодекстің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450, 451 (екінші бөлігінің 2) тармағында) және 452-баптарында көзделген іс-әрекеттер;»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
4) 297-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші немесе екінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 345-1-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 347-баптың бірінші абзацы «345,» деген цифрлардан кейін «345-1 және» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 372-баптың екінші абзацында:
«екі мың» деген сөздер «үш мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«алты жүз» деген сөздер «тоғыз жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 423-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерін жариялауға жол берілмейтіндігі туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ескертілген адамның не олар қызметі, жұмысы бойынша не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сеніп тапсырылған немесе белгілі болған адамның жария етуі, егер сотқа дейінгі іс жүргізудің деректерін жария ету прокурордың келісуінсіз, сондай-ақ жабық сот талқылауының деректерін жария ету судьяның келісуінсіз жасалған болса –»;
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«424-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария ету»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету, егер бұл іс-әрекетті көрсетілген мәліметтер оның қызметтік жұмысына байланысты сеніп тапсырылған немесе белгілі болған адам жасаса, сол сияқты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпаратты жария ету, егер бұл іс-әрекетті өзімен көрсетілген ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған адам жасаса –»;
екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 35-баптың тоғызыншы бөлігіндегі «(сыбайлас жемқорлық)» деген сөздер алып тасталсын;
2) 96-баптың төртінші бөлігіндегі «жіберіле» деген сөз «табыс етіле» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) оның жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады;»;
төртінші, 4-1 және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Куәгерлердiң, күдіктілердің, айыпталушылардың, жәбірленушілердің және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының жеке қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз ету тәртiбi «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
4-1. Қылмыстық қудалау органы «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген қауіпсіздік шараларын қабылдаған кезде құпиялылық сақтала отырып, жиырма төрт сағат ішінде қадағалаушы прокурор хабардар етіледі.»;
«6. Қауіпсіздік шараларының күші оларды қолдану қажеттілігі жойылғанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың уәжді қаулысымен, соттың үкімімен, ал қорғалатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурордың не соттың қаулысымен жойылады. Қорғалатын адам өзінің қауіпсіздігі шараларының күшінің жойылғандығы немесе қылмыстық процеске қатысатын адамдарға ол туралы деректердің ашылғандығы туралы дереу хабардар етілуге тиіс. Қорғалатын адамның «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жеке қауіпсіздік шарасын қолдану туралы не қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы шешімге сотқа немесе прокурорға шағым беруі шағым жасалатын шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.»;
4) 187-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 190 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 216 (екiншi бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшiншi бөлiгiнiң 3) тармағында), 218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында), 234 (үшiншi бөлiгінің 1) тармағында), 249 (үшiншi бөлiгінің 2) тармағында), 307 (үшiншi бөлiгінің 3) тармағында), 361, 362 (төртiншi бөлiгінің 3) және 4) тармақтарында), 364, 365, 366, 367, 368, 369 және 370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзедi.»;
4-3-бөліктің үшінші абзацы алып тасталсын;
жетінші бөліктің бірінші абзацындағы «, ал күдікті ұстап алынған жағдайда дереу» деген сөздер алып тасталсын;