Toggle Dropdown
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1139 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-1) тармақшасына және 4-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік орган – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) өнім беруші – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасқан үкіметтік емес ұйым;
3) стратегиялық әріптес – осы Қағидаларға сәйкес конкурстық іріктеуден өткен, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шарты жасалған үкіметтік емес ұйым;
4) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс – орталық атқарушы органдар жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;
5) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру шарты – тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт;
6) тапсырыс беруші – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі;
7) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау тәртібі
3. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағытын айқындау үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) бірінші кезең – мемлекеттік органдардың уәкілетті органға ұсыныстар енгізуі.
Мемлекеттік органдар алдағы жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға стратегиялық әріптестік бағыттары бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын жоба тұжырымдамасы түрінде ұсыныстар енгізеді.
Әлеуетті стратегиялық әріптестерге жатқызуға арналған талаптар осы тармақта белгіленген талаптар нысанында белгіленеді:
әлеуетті стратегиялық әріптестің жарғылық мақсаттарының стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың мақсаттарына сәйкестігі;
тиісті салаларда қызметінің бағыты бойынша жобаларды іске асыруда кемінде 2 (екі) жыл тәжірибесінің болуы;
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында мәліметтердің болуы;
әлеуетті стратегиялық әріптестер өкілдерінің консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына кемінде 3 (үш) жыл қатысуы (консультативтік-кеңесші орган құрылған мемлекеттік органның анықтамасы негізінде);
көрсетілетін қызметті алушылардан немесе әріптестерден әлеуетті стратегиялық әріптестердің жұмысы туралы кемінде 3 (үш) оң пікірдің болуы;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді болжайтын жобалар іске асырылған кезде мемлекеттік органдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде талап қояды;
2) екінші кезең – уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде стратегиялық әріптестік бағыттарын енгізуі.
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып айқындайды;
3) үшінші кезең – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен бюджеттік өтінімге енгізу.
3-тарау. Стратегиялық әріптесті конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі
4. Стратегиялық әріптестерді айқындау осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орган өткізетін конкурстық іріктеу арқылы әлеуетті стратегиялық әріптестердің ішінен жүзеге асырылады.
5. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:
1) конкурстық комиссияны қалыптастыру және конкурстық құжаттаманы бекіту;
2) конкурстың басталғаны туралы хабарландыруды мемлекеттік органның интернет-ресурсында және өзге де көздерде жариялау;
3) өтінімдерді қабылдау және конкурстық іріктеуді өткізу.
6. Конкурстық іріктеуді өткізу үшін тиісті мемлекеттік орган тиісті бюджет бекітілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы бекітеді. Конкурстық құжаттаманы тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.
7. Конкурстық құжаттама осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес әзірленген жоба тұжырымдамасын және осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтиды.
Мемлекеттік органдар конкурстық құжаттаманы бекіту кезеңінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау үшін электрондық пошта ашады.
8. Конкурстық іріктеуді өткізу үшін тиісті мемлекеттік орган конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органның кемінде үш өкілін және азаматтық қоғамның кемінде төрт өкілін қосып, саны 7 (жеті) адамнан кем болмайтын конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады, оны мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.
Комиссияның құрамына Заңның 5-бабының 1-тармағынасәйкес салалардың бірі бойынша қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылар енгізіледі.
Мемлекеттік орган конкурстық комиссия құрамы бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия мүшелеріне әлеуетті стратегиялық әріптестердің тізімін және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүдделер қақтығысының бар не жоқ екені туралы хабарлама нысанын жібереді.
Конкурстық комиссияның құрамы мүдделер қақтығысы болмаған жағдайда ғана бекітіледі.
Мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары конкурстық комиссияның төрағасы болып табылады.
Конкурстық комиссияның хатшысы тиісті мемлекеттік орган өкілдерінің қатарынан тағайындалады. Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастыру функцияларын орындайды, конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Конкурстық комиссия өз қызметін тиісті мемлекеттік орган бекітетін конкурстық комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
9. Мемлекеттік орган конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің ресми интернет-ресурсында алдағы конкурстық іріктеу туралы хабарландыру жариялайды және онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) конкурс жариялаған мемлекеттік органның атауы,
3) әлеуетті стратегиялық әріптестерден өтінімдерді қабылдау аяқталатын уақыты мен күні және өтінімдерді жіберу үшін электрондық пошта;
4) конкурстық құжаттаманы түсіндіруді және конкурстық өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультация беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган өкілінің байланыс деректері.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн болуға тиіс.
10. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті стратегиялық әріптестер өздерінің өтінімдерін тиісті мемлекеттік органға хабарландыруда көрсетілген мерзімде мемлекеттік органның электрондық поштасына (PDF форматында) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жібереді, онда мынадай құжаттар қамтылады:
2) мемлекеттік орган бекіткен жоба тұжырымдамасында көрсетілген талаптарға сәйкес әзірленген жоба;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама;
4) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы, сондай-ақ қор, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін жарғы мен құрылтай шарты;
5) конкурсқа қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер, онда:
әлеуетті стратегиялық әріптестің жұмыс тәжірибесін растайтын шарттар және көрсетілген қызметтердің актілері;
әлеуетті стратегиялық әріптестің өзінің қаржылай үлесі болған кезде растаушы құжаттар қамтылады.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес берілген өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы қабылдайды және олар тиісті мемлекеттік органның кеңсесінде тіркеледі.
12. Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыттарына, әлеуетті стратегиялық әріптестердің жарғылық құжаттарына сәйкес олардың қызметінің мақсаттарына сәйкестігін тексереді, сондай-ақ олардың осы Қағидаларда көзделген талаптарға және бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкестігін қарайды.
Осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, онда көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссия ол анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ізденушінің электрондық мекенжайына өтінімді талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасын көрсетілген құжат пысықтауға және өзгертуге жатпайды.
Әлеуетті стратегиялық әріптес хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға пысықталған және (немесе) болмаған құжаттарды ұсынады.
Сәйкессіздік фактілері бойынша шешімді конкурстық комиссия өз мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды және ол рұқсат беру хаттамасында көрсетіледі, ол конкурстық комиссия төрағасының және оның мүшелерінің қолдарымен расталады.
Егер конкурстық комиссия көрсетілген сәйкессіздіктердің болуы туралы шешім қабылдаса, әлеуетті стратегиялық әріптестің өтінімі қабылданбайды және оны конкурстық комиссия бағаламайды.
13. Әлеуетті стратегиялық әріптестің өтінімін конкурстық комиссия мүшелері осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген өлшемшарттарға сәйкес рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағалауға тиіс.
Конкурстық комиссияның мүшелері хатшыға түсініктемелері бар толтырылған және қол қойылған бағалау парағын береді.
Бағалау парақтарын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия төрағасының және оның мүшелерінің қолдарымен расталатын жиынтық бағалары бар хаттаманы қалыптастырады.
14. Конкурстық іріктеу процесінде бағалау қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған әлеуетті стратегиялық әріптес стратегиялық әріптес болып танылады.
Мемлекеттік орган конкурстық іріктеу қорытындылары шығарылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның тиісті хаттамасын өзінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
15. Конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша тиісті мемлекеттік орган 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасады.
16. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартына стратегиялық әріптестік мақсаттарына қол жеткізудің нысаналы көрсеткіштері және өзінің өтінімдерін бағалау үшін конкурсқа қатысуға әлеуетті стратегиялық әріптес ұсынған жоба енгізіледі.
17. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шарты мемлекеттік орган қол қойған кезден бастап 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Тиісті мемлекеттік органнан стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартына бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.
18. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың әрбір бағыты бойынша бір ғана стратегиялық әріптес айқындалады. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындаудың үлгі шартының нысаны бойынша мемлекеттік орган мен стратегиялық әріптес арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
4-тарау. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартын атқару
19. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың міндеттемелерін орындағаны үшін тиісті мемлекеттік орган стратегиялық әріптеске көрсетілген қызметтер актісіне сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартында айқындалған мөлшерде және тәртіппен жыл сайын ақшалай қаражат төлейді.
20. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартының талаптарын стратегиялық әріптестің атқаруы мемлекеттік орган мынадай тәсілдермен әкімшілендіреді:
1) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартына сәйкес ұсынылатын стратегиялық әріптестің есептілігін талдау;
2) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартында мәлімделген стратегиялық әріптестіктің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау;
3) мемлекеттік органның стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартының атқарылу жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуы.
Стратегиялық әріптестер мемлекеттік органға тоқсан сайынғы негізде аралық есептерді, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру қаражатын пайдаланудың қаржылық есебін қоса алғанда, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асырудың аяқталуы бойынша қорытынды есепті шартта белгіленген мерзімдерде ұсынады.
21. Мемлекеттік органдар жыл сайын 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат беріп тұрады.
22. Уәкілетті орган жыл сайын 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат негізінде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы хабардар етеді.
23. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартын өзгертуге болады, бұл ретте сапасы және стратегиялық әріптесті таңдау үшін негіз болған басқа да шарттар өзгеріссіз қалады.
24. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартында белгіленген нысаналы көрсеткіштерге стратегиялық әріптестің кінәсінен қол жеткізілмеген және (немесе) стратегиялық әріптес өз міндеттемелерін жүйелі түрде атқармаған жағдайларда мемлекеттік орган осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартын бұзу рәсіміне бастама жасайды.
Осы тармақтың мақсаттары үшін стратегиялық әріптестің міндеттемелерді жүйелі түрде орындамауы деп күнтізбелік бір жыл ішінде шартта көзделген міндеттемелерді екі рет атқармау жағдайы түсініледі.
25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартының атқарылуы бұзылса, мемлекеттік орган бұзушылық анықталған кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде стратегиялық әріптесті хабарламаны алған кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартын тиісінше орындау қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді.
Стратегиялық әріптес 30 (отыз) жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жоймаған жағдайда стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шарты осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен бұзылады.
26. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шарты бұзылған жағдайда мемлекеттік орган осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес тиісті бағыттар бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау шартының қолданылуының қалған мерзіміне немесе жаңа мерзімге стратегиялық әріптестікке жаңа конкурстық іріктеуді жүргізеді.
27. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтердің актісін мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам өкілдерінен тиісті мемлекеттік орган құрған комиссия алдағы 3 (үш) жылға қабылдайды.
Комиссияның құрамына Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген салалардың бірі бойынша қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылар енгізіледі.
Комиссия мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Комиссия мүшелері мемлекеттік органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыратын әлеуетті стратегиялық әріптеспен мүдделер қақтығысының бар не жоқ екені туралы хабарлама береді.
Мемлекеттік орган стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекеттік орган мен стратегиялық әріптес арасында жасалған шарт бойынша стратегиялық әріптестің есебін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны комиссияның қарауына жібереді.
Комиссияның шешімі отырыста қабылданады және мемлекеттік органнан есептер келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Комиссияның шешімі отырысқа қатысқан мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Мемлекеттік орган комиссияның хаттамалық шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген қызметтердің тиісті актісіне қол қояды не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, бас тартады.
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға
арналған мемлекеттік тапсырысты
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттары жобасының тұжырымдамасы
№Р/с№
|
Мемлекеттік органның атауы
|
Саланың атауы
|
Бағыттың атауы
|
Стратегиялық әріптестіктің
мақсаты
|
Ағымдағы жағдайдың,орын алған проблемалардың қысқаша сипаттамасы
|
Әлеуетті стратегиялық әріптестерге қойылатын талаптар
|
Сомасы (мың теңге)
|
Стратегиялық әріптестіктің мақсаттарына қол жеткізудің ұсынылатын нысаналы көрсеткіштері
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
***Жобаның тұжырымдамасы мыналарды:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс іске асырылатын саланы;
ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың сипаттамасын;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
әлеуетті стратегиялық әріптестерге қойылатын талаптарды;
стратегиялық әріптестікті іске асыру үшін қажетті соманы;
стратегиялық әріптестіктің мақсаттарына қол жеткізуден күтілетін нәтижелер мен нысаналы көрсеткіштерді қамтиды.
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға
арналған мемлекеттік тапсырысты
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
(мемлекеттік органның атауы)
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органмен және өтініш беруші әлеуетті стратегиялық әріптестермен мүдделер қақтығысының бар не жоқ екені (қажеттінің астын сызу) туралы хабарлама
Мен ___________________________________________________________ (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органмен және өтініш беруші әлеуетті стратегиялық әріптестермен мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы хабарлаймын, тәуелсіз сарапшы ретінде өз қызметімді жүзеге асырған кезде әділдік пен объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз ұстанатын боламын;
стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органмен және (немесе) өтініш беруші әлеуетті стратегиялық әріптестермен мүдделер қақтығысының бар екенін (қажеттісін белгілеу) хабарлаймын.
Сіз өтініш беруші әлеуетті стратегиялық әріптестің мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы (қажеттісінің астын сызу) болып табыласыз ба (егер солай болса, онда үкіметтік емес ұйымның атауын көрсету керек):
________________________________________________________________
________________________________________________________________.
Сіз өтініш беруші әлеуетті стратегиялық әріптестің басқару органының мүшесі, басшысы болып табыласыз ба (егер солай болса, онда басқару органын, үкіметтік емес ұйымның атауын және атқаратын лауазымды көрсету керек):
________________________________________________________________
________________________________________________________________.
Сіз соңғы үш жыл ішінде өтініш беруші әлеуетті стратегиялық әріптестен көрсетілген қызметтер үшін төлемақы немесе тікелей қаржылай қолдау алдыңыз ба (егер солай болса, нақты қандай қызметтер көрсетілгенін және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсету керек):
________________________________________________________________
________________________________________________________________.
Сіздің өтініш беруші әлеуетті стратегиялық әріптестің жұмыскерлерімен жақын туыстық байланыстарыңыз бар ма (егер солай болса, онда жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық дәрежесін көрсету керек):
________________________________________________________________
________________________________________________________________.
Сізде өзге де ықтимал мүдделер қақтығысы бар ма (егер болса, онда қандай екенін көрсету керек):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________.
Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және хабарламаны толтырған кезде дұрыс ақпарат беремін.
20___жылғы «____» ________________ Қолы_____________
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға
арналған мемлекеттік тапсырысты
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
Іріктеу өлшемшарттары және бағалау парағының нысаны
Конкурстық комиссияның мүшелері әлеуетті стратегиялық әріптестердің өтінімдерін көрсетілген бағалау парақтарына сәйкес бағалайды.
Балл
|
Өлшемшарттың атауы
|
Баға
(5 балдық шәкіл бойынша)
|
Түсініктеме
(қажетіне қарай)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Жобаның Тапсырыс берушінің бекітілген тұжырымдамасының талаптарына сәйкестігі
|
|
|
0
|
ұсынылатын жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында және тапсырыс берушінің бекітілген тұжырымдамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейді
(сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті стратегиялық әріптес конкурсқа қатысуға жіберілмейді)
|
|
|
1-3
|
ұсынылатын жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында және тапсырыс берушінің бекітілген тұжырымдамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді, сондай-ақ жоба соларды шешуге бағытталған проблемалар егжей-тегжейлі ашылған, олардың сипаттамасы дәлелденген және нақты сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштер бекітілген
|
|
|
4-5
|
ұсынылатын жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында және тапсырыс берушінің бекітілген тұжырымдамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді, сондай-ақ жоба соларды шешуге бағытталған проблемалар егжей-тегжейлі ашылған, олардың сипаттамасы дәлелденген және нақты сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштер бекітілген, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартатын қосымша іс-шаралар көзделген
|
|
|
2.
|
Жобаның логикалық байланыстылығы және іске асырылуы, жоба іс-шараларының оның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі
|
|
|
0
|
міндеттер, іс-шаралар мен болжамды нәтижелер арасында логикалық байланыс бұзылған; жобаның іс-шаралары оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді, жоспарланатын қызмет пен күтілетін нәтижелер арасында қайшылықтар бар
(сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті стратегиялық әріптес конкурсқа қатысуға жіберілмейді)
|
|
|
1-3
|
егжей-тегжейлі жобаның барлық бөлімдері логикалық тұрғыдан өзара байланысты, бірақ жобаның ішкі тұтастығын бұзатын болмашы мағыналық сәйкессіздіктер бар
|
|
|
4-5
|
егжей-тегжейлі жобаның барлық бөлімдері логикалық тұрғыдан өзара байланысты, әр бөлімде жобаның мазмұнын толық түсіну үшін қажетті және жеткілікті ақпарат қамтылған
|
|
|
3.
|
Әлеуетті стратегиялық әріптестің стратегиялық әріптестікті іске асыру қызметінің бағыттары бойынша жобаларда жұмыс тәжірибесінің болуы
|
|
|
1
|
тиісті салаларда қызметінің бағыты бойынша жобаларды іске асыру тәжірибесі кемінде 2 (екі) жыл және тиісті құжаттармен расталған
|
|
|
2-3
|
тиісті салаларда қызметінің бағыты бойынша жобаларды іске асыру тәжірибесі 3 (үш) жылдан асады және қоса алғанда 5 (бес) жылға дейін және тиісті құжаттармен расталған
|
|
|
4-5
|
тиісті салаларда қызметінің бағыты бойынша жобаларды іске асыру тәжірибесі 5 (бес) жылдан асады және тиісті құжаттармен расталған
|
|
|
4.
|
Әлеуетті стратегиялық әріптестің өзінің қаржылай салымының бар-жоғы және жобаны іске асыруға тартылатын қосымша ресурстары, оны одан әрі дамыту перспективалары**
|
|
|
0
|
жоқ немесе тиісті құжаттармен расталмаған
|
|
|
1-3
|
тиісті құжаттармен расталатын әлеуетті стратегиялық әріптестің өзінің қаржылай салымы және жобаны іске асыруға тартылатын қосымша ресурстар стратегиялық әріптестік бағытын іске асыру үшін мемлекет бөлетін соманың 5 %-ына дейін
|
|
|
4-5
|
әлеуетті стратегиялық әріптестің тиісті құжаттармен расталатын өзінің қаржылай салымы және жобаны іске асыруға тартылатын қосымша ресурстары стратегиялық әріптестік бағытын іске асыру үшін мемлекет бөлетін соманың 5 %-ынан асады
|
|
|
|
Жиыны:
|
|
* тәжірибе тиісті шарттармен және көрсетілген қызметтер актілерімен расталады;
** қаржылай салым өзінің растау хаттарымен расталады.
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға
арналған мемлекеттік тапсырысты
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша
Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындаудың үлгі шарты
Бұдан әрі «тапсырыс беруші» деп аталатын <тапсырыс берушінің толық атауы> атынан <тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <тапсырыс берушінің лауазымы> <тапсырыс берушінің Т.А.Ә> бір тараптан және бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын <өнім берушінің толық атауы> атынан «өнім берушінің негіздемесі» негізінде әрекет ететін <өнім берушінің лауазымы><өнім берушінің Т.А.Ә> екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы 4-тармағының және конкурстық комиссияның <қорытындылар күні> жылғы № <нөмір> хаттамасы негізінде стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
1.1. Өнім беруші осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес қызметті(терді) көрсетуге міндеттенеді, ал тапсырыс беруші көрсетілген қызметті(терді) қабылдауға және шарт бойынша өнім беруші:
<ерекшелік коды > ерекшелігі бойынша – <1-ерекшелік бойынша шарт нысанасының қысқаша сипаттамасы>
<ерекшелік коды > ерекшелігі бойынша – <№ 1 ерекшелік бойынша шарт нысанасының қысқаша сипаттамасы бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда осы шартқа сәйкес сол үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
1.2. Төменде тізбеленген құжаттар мен оларда айтылған шарттар осы шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
2) осы шартқа 1-қосымша (тапсырыс беруші Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес әзірленген жоба тұжырымдамасы);
3) осы шартқа 2-қосымша (өнім беруші конкурста өзінің өтінімін бағалау үшін ұсынған жоба).
2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
2.1. Шарттың жалпы сомасы <шарттың сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> теңге > /<ҚҚС есепке алмағанда> қамтиды (бұдан әрі – шарттың сомасы).
2.2. Аумақтық қазынашылық органында шарт < бағдарламаның коды және атауы > бюджеттік бағдарламасы < кіші бағдарламаның коды және атауы> кіші бағдарламасы < ерекшеліктің коды және атауы> ерекшелігі бойынша – < ерекшелік бойынша сома> (<ерекшелік бойынша сома жазумен) теңгеде, <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> <ҚҚС есепке алмағанда> /теңге <____> жылға тіркелуі тиіс.
2.3. Тапсырыс беруші шарт күшіне енгеннен кейін _______ мөлшерінде аванстық төлем жүргізіп, шарт сомасынан _______алдын ала төлемді жүзеге асырады.
Қалған соманы тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстап қалуды ескере отырып, көрсетілген қызметтер актісіне тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару арқылы төлейді.
Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісіне тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің <ақы төлеу шарты> есеп шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүргізеді.
2.4. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) аумақтық қазынашылықтың органында тіркелген, қол қойылған шарт;
2) көрсетілген қызметтер актісі (актілері);
3) өнім беруші тапсырыс берушіге берген, көрсетілген қызметтердің сипаттамасы, жалпы сомасы көрсетілген электрондық шот-фактура.
3. Тараптардың міндеттемелері
1) шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге;
2) шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаған кезде көрсетілетін қызметтердің шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз шарттың талаптарын орындау үшін өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, тапсырыс беруші немесе оның атынан әрекет ететін басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сондай шамада берілуге тиіс.
3.2. Өнім беруші тапсырыс берушіден шарт бойынша көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді талап етуге құқылы.
1) көрсетілген қызметтердің сәйкессіздігі анықталатын болса, өнім берушіні дереу жазбаша хабардар етуге;
2) көрсетілген қызметтерді қабылдаған кезде көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюға не оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, қабылдаудан бас тартуға міндеттенеді.
3.4. Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтердің сапасын тексеруге құқылы.
4.1. Өнім берушінің қызметтер көрсетуі шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
4.2. Өнім беруші тапсырыс берушіге көрсетілетін қызметтерді осы шартқа 1-қосымшада көрсетілген талаптарға дәл сәйкес келтіріп толық тапсырған жағдайда қызмет көрсетілген болып саналады.
5. Тараптардың жауаптылығы
5.1. Тараптар осы шарттың шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
5.2. Секвестрді және (немесе) тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер тапсырыс беруші өнім берушіге тиесілі қаражатты шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда тапсырыс беруші кідіртілген төлемдер бойынша өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыпұлын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
5.3. Қызметтер көрсету мерзімдері өтіп кеткен жағдайда өнім беруші міндеттемелерін толық орындамаса, тапсырыс беруші одан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаса (ішінара орындамаса), мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
5.4. Өнім беруші қызметтер көрсетуден бас тартқан жағдайда немесе қызметтер көрсету мерзімін шарт бойынша қызметтер көрсету мерзімі аяқталған күннен бастап бір айдан асатын мерзімге өткізіп алса, бірақ шарттың қолданылу мерзімі аяқталмаса, тапсырыс беруші өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп алып, осы шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
5.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу тараптарды осы шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
5.6. Егер кез келген өзгеріс өнім берушіге шарт бойынша қызметтер көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, шарт сомасы, немесе қызметтер көрсету графигі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізу жөніндегі барлық сұратуы өнім беруші тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуға тиіс.
5.7. Өнім беруші осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен де, ішінара да біреуге бермеуге тиіс.
6. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары
6.1. Шарт <тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін/қол қойылған күннен бастап> күшіне енеді және < _ _ _ _ _ > дейін қолданылады.
6.2. Өнім берушінің кінәсінен шартта белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген және (немесе) өнім беруші өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған жағдайларда шартты кез келген кезеңде бұзуға болады. Осы тармақтың мақсаттары үшін міндеттемелерді жүйелі түрде орындамау деп күнтізбелік бір жыл ішінде шартта көзделген міндеттемелерді орындамаудың екі жағдайы түсініледі.
6.3. Шарт тараптардың келісуі бойынша оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда бұзылуы мүмкін.
7.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама ақы төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс не телефакс арқылы жіберіледі.
7.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енуі көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болатынына қарай күшіне енеді.
8.1. Егер шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болып табылса, тараптар ол үшін жауапты болмайды.
8.2. Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар ұрыс қимылдарын, табиғи немесе дүлей апаттарды және басқаларды қамтуы мүмкін, бірақ бұл толық тізім емес.
8.3. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде өнім беруші тапсырыс берушіге осындай мән-жайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін ретіне қарай орындауды жалғастырады және шартты орындаудың форс-мажорлық мән-жайларға тәуелді болмайтын баламалы тәсілдерін іздейді.
9. Даулы мәселелерді шешу
9.1. Тапсырыс беруші мен өнім беруші шарт бойынша немесе оған байланысты өз араларында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс.
9.2. Егер осындай келіссөздерден кейін тапсырыс беруші мен өнім беруші шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
10.1. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
10.2. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар шарт жасасқандай нысанда жасалады.
10.3. Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
10.4. Шартта реттелмеген бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
11. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші:
< толық атауы>
< толық заңды мекенжайы>
БСН < БСН>БСК< БСК>
ЖСК<ЖСК>
<Банктің атауы> Тел.:
<телефоны> < лауазымы>
<Т.А.Ә.>
|
Өнім беруші
< толық атауы>
< толық заңды мекенжайы>
БСН/ЖСН/ТЕН < БСН/ЖСН/ТЕН>
БСК< БСК>ЖСК< ЖСК>
<Банктің атауы> Тел.: < телефоны>
< лауазымы>< ТАӘ>
|