• Мое избранное

Отправить по почте

«Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 30/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 31803 болып тіркелді

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11892 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының
 Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 
​«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының 
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының 
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрлігі  
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 30/НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 506 бұйрығымен
бекітілген
Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидалары
1. Осы Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Ғарыш қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртiбiн айқындайды.
2. Әскери (қосарлы) мақсаттағы кәдеге жаратылған объектілер мен техникалық құралдарды кәдеге жарату, сондай-ақ іске асыру, беру, есепке алу, есептен шығару «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іске асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) кәдеге жарату – өз ресурсы сарқылған, табиғи тозған, кәдеге жарататын ғарыш объектілерінің және техникалық құралдардың бөлшектерін, тораптарын және материалдарын қайта пайдалану және қалдықтарды екінші материалдық немесе энергиялық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында шарттық мiндеттемелерге сәйкес жойылатын пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды бұзуды, бөлшектеудi, қайта өңдеудi, ғарыш аппараттарын деорбитациялауды қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралар мен технологиялық процестердiң кешенi болып табылатын ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың өмiрлiк циклiнiң соңғы сатысы;
2) техникалық құралдар – ғарыш жүйелерi мен ғарыш зымыран кешендерiнiң құрамына кiретiн және пайдаланудың барлық кезеңдерiнде олардың қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн техниканың кез келген (механикалық, электр, электрмагниттiк, электрондық) түрi;
3) ғарыш аппараттарын деорбитациялау (бұдан әрі – деорбитациялау) – ғарыш аппараттарын олардың пайдалану мерзiмi өткеннен кейін жерлеу орбитасына шығару (Жердің геостационарлық орбитасындағы ғарыш аппараттары үшін) немесе атмосфераның тығыз қабаттарына қайтару (төмен және орта Жер орбиталарындағы ғарыш аппараттары үшін) арқылы Жер орбитасында кәдеге жаратуға арналған ұйымдық-техникалық iс-шаралар кешенi.
2-тарау. Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртiбi
1) сақтаудың кепiлдi мерзiмi өткеннен кейiнгi ғарыш аппараттары, тиiстi макеттер мен оқу-жаттығу құралдары;
2) тасымалдағыш зымырандардың, екпiн алу блоктарының және ғарыш аппараттарының (оның iшiнде дайындаушы зауытта орналасқан) жабдықтары;
3) қайта жаңарту немесе күрделi жөндеу кезiнде босайтын техникалық құралдар;
4) пайдаланудан шығарылған техникалық құралдардың құрамдас бөлiктерi;
5) мақсаты бойынша пайдаланғаннан және Жерге қайта оралғаннан кейiн ғарыш аппараттарының түсу аппараттары мен капсулалары кәдеге жаратуға жатады.
4-1. Жер орбитасында орналасқан ғарыш аппаратарын пайдаланудан шығару деорбитация жолымен жүргізіледі.
Деорбитацияны ғарыш аппараттарының ағымдағы техникалық параметрлері негізінде ғарыш қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
5. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жаратуға ұсыну үшiн:
1) нормативтiк-техникалық құжаттамада айқындалған пайдалану мерзiмiнiң өтуi;
4) қолайсыз климат факторларының, дүлей апаттардың, өрттiң әсерi салдарынан жөндеудiң және қалпына келтiрудiң экономикалық тұрғыдан орынсыздығы;
5) тiкелей мақсаты бойынша пайдалану қажеттiлiгiнiң болмауы негiз болып табылады.
6. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату үшiн ғарыш қызметiн жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар кәдеге жаратылуы тиiс ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың тiзбелерiн ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) жолдайды, онда:
7. Осы Қағидалардың 4.1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, ведомство кәдеге жаратылуы тиiс ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың тiзбелерiн алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде оларды ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарға қажеттiлiктi айқындау үшiн ведомствоның қарамағындағы ұйымдарға жолдайды.
8. Ведомствоның қарамағындағы ұйымдар кәдеге жаратылуы тиiс ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың тiзбесiн алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде тиiстi ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарға қажеттiлiкке еркiн нысандағы жазбаша өтiнiмдi ведомствоға жолдайды немесе ондайдың жоқтығы туралы жазбаша хабарлайды.
9. Ведомство ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарға қажеттiлiкке өтiнiмдердi алғаннан кейiн кәдеге жаратылуы тиiс ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды ведомствоның қарамағындағы ұйымдарға:
1) жеке меншiктегi ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар үшiн – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде;
2) мемлекеттiк меншiктегi ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар үшiн – «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен берудi ұйымдастырады.
10. Осы Қағидалардың 4.1-тармағында көрсетілген немесе ведомство ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарға қажеттiлiк жоқ екендiгi туралы хабарлама алған жағдайда, осы ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар кәдеге жаратуға жатады, бұл туралы ведомство осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш объектілері мен техникалық құралдар алған сәттен бастап қырық жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
11. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың жекелеген жүйелерi мен элементтерiн өнеркәсiп бұйымдары және халық тұтынатын тауарлар ретiнде пайдалану;
2) жаңғырту және жаңа үлгiлер жасау кезiнде кәдеге жаратылатын ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдардың жиынтықтаушы бұйымдарын пайдалану;
3) кәдеге жаратылатын ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар үлгiлерiнiң жабдықтарын, агрегаттарын, тораптарын, бөлшектерiн және материалдарын запас бұйымдар мен аспаптар ретiнде пайдалану;
4) кәдеге жаратылатын ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар үлгiлерiнiң жабдықтарын, агрегаттарын, тораптарын, бөлшектерiн және материалдарын ғарыш саласының мамандарын даярлау жөнiндегi оқу мекемелерi мен оқу орталықтарының зертханалық жабдықтары ретiнде пайдалану;
5) кәдеге жаратылатын ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды өнеркәсiптiк қайта өңдеу және кәдеге жарату өнiмдерiн өндiрiсте, экономиканың басқа салаларында (қара, түстi және қымбат бағалы металл сынықтары, материалдар және заттар) пайдалану;
12. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу процесi мынадай негiзгi кезеңдердi қамтиды:
1) ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды қауiпсiз күйге келтiру;
2) қорғау құжаттарының болуын тексеру (қажет болған жағдайда);
4) лицензиялау және (немесе) сертификаттау (қажет болған жағдайда);
13. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар меншiгіндегі немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе оперативтік басқаруындағы жеке және (немесе) заңды тұлғалар оларды кәдеге жарату алдында жарылыс қаупi бар тораптар мен бөлшектердi алу, улы заттар болған ыдыстарды бейтараптандыру арқылы қауiпсiз күйге келтiрудi қамтамасыз етедi. Бұл жұмыстар қауiптiлiгi жоғары жұмыстарға жатады және оларды «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқу оқыған және білімін тексеруден өткен (емтихан тапсырған) қызметкер орындауы тиіс.
14. Құпиялық белгiсi бар ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды құпиясыздандыру «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес жүргiзiледi.
15. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәсiлдерi нормативтiк-техникалық құжаттарда, халықаралық келiсiмдер мен шарттарда белгiленедi.
16. Таңдап алынған технологияларға және экономикалық орындылығына байланысты ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату олар пайдаланылатын (сақталатын) жерде немесе ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн кәдеге жаратуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарда жүргiзiледi.
17. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстары ғарыш техникасының нақты үлгiсiнiң жобалау-конструкторлық ұйым әзiрлеген және бекiткен техникалық процестерiне сәйкес (бұдан әрі – техникалық процестер) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Экология кодексі), «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21934 болып тіркелген) талаптарын сақтай отырып жүргiзiледi.
18. Кәдеге жаратуға жататын мүлiктi Экология кодексінің 320-бабының талаптарына сәйкес келетiн оны сақтау орындарынан тыс жерлерге (өнеркәсiптiк алаңдарға немесе өндiрiстiк цехтарға) шығару кәдеге жаратуды жүргiзетiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
19. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарда шаруашылық жүргiзу немесе шұғыл басқару құқығындағы немесе мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда меншiк құқығындағы ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстары осы ұйымдардың меншiктi қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Республикалық мемлекеттiк мекемелерде шұғыл басқару құқығындағы ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстары республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Ғарыш қызметiн жүзеге асыратын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларда меншiк құқығындағы ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату жұмыстары олардың меншiктi қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
20. Ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдар меншiгiнде болған ғарыш қызметiн жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жарату аяқталғаннан кейiн оларды кәдеге жарату фактiсiн растайтын құжаттарды ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiне тиiстi жазба енгiзу үшiн ведомствоға ұсынады.