Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 66-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
| Продукты: |
|
Отправить по почте

Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1116 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 66-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. "Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1116 қаулысымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Астана қ., 2022 жыл Мазмұны
1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
2.1 Саланың ағымдағы жай-күйін бағалау.
2.2. Автожол инфрақұрылымы және автотасымалдар
2.3. Теміржол көлігі
2.4. Әуе көлігі
2.5. Су көлігі
2.6. Логистика және мультимодальды тасымалдар
2.7. Негізгі проблемалар мен үрдістер
2.7.1. Автожол инфрақұрылымы және автотасымалдар
2.7.2. Теміржол көлігі
2.7.3. Әуе көлігі
2.7.4. Су көлігі
2.7.5. Логистика және мультимодальды тасымалдар
2.7.6. Проблемалар мен үрдістерді талдау қорытындылары
3-бөлім. Халықаралық тәжірибені талдау
3.1. Автотасымалдар мен жол инфрақұрылымын дамыту тәжірибесі
3.2 Теміржол көлігін дамыту тәжірибесі.
3.3 Әуе көлігін дамытудың шетелдік тәжірибесі.
3.4. Су көлігін дамытудағы ЕО тәжірибесі
3.5. Транзиттік инфрақұрылымды дамыту тәжірибесі
4-бөлім. Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту пайымы
5-бөлім. Көлік-логистикалық әлеуетті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
5.1. Негізгі қағидаттар
5.2. Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тәсілдері
5.2.1. Транзитті дамыту және мультимодальды интеграция
5.2.2. Тұрақты және қауіпсіз көлік байланысын қамтамасыз ету
5.2.3. Тасымалдар қызметінің және инфрақұрылымды басқарудың тиімділігін арттыру
5.2.4. Көлік-логистикалық және ілеспе көрсетілетін қызметтердің бәсекелес нарығын дамыту
5.2.5. Аралас және қамтамасыз етуші салаларды дамыту
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)
|
Атауы |
Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы |
|
Әзірлеу үшін негіздеме |
"Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 521 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 823 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 05 шілдедегі № 22-01-7.12 қбп хаттамалық тапсырмасы; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығы |
|
Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
|
Бағдарламалық құжатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері |
|
Іске асырылу мерзімдері |
2023 – 2030 жылдар |
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Саланың ағымдағы жай-күйін бағалау
Еліміздің көлік саласын дамыту мақсатында әр жылдары көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мен интеграциялаудың, инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламалары, "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы қабылданып, іске асырылды.
Осы бағдарламалық құжаттар шеңберінде ұлттық жүк және жолаушылар тасымалдаушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды дамыту үшін жағдайлар жасалды.