Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 3 ақпандағы № 32-Ө бұйрығы
Редакция 04.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы №28 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
1) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-Ө бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-П бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының м.а. 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 6-Ө бұйрығының;
3) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-П бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 500-Ө бұйрығының;
4) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-Ө бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Аппарат басшысының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 232-Ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы Н.Шәрбиев
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2023 жылғы «03» ақпандағы № 32-Ө
бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі -Министрлік) құзыреті шегінде оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласында стратегиялық, реттеуші, атқарушылық, бақылау - қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган және ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
5. Комитетке Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, жануарларға жауапкершілікпен қарау, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында, іске асыру, реттеуші және бақылау-қадағалау функцияларын орындау;
2) өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындау.
1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу;
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
2) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы заңнамада белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелері туралы хабардар ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
4) Комитет қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері Комитет болып табылатын не Комитеттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;
5) әзірленетін құқықтық актілер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;
6) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік орман саясатын қалыптастырады және іске асырады;