• Мое избранное

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 121 қаулысы

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « » ақпандағы
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
«13) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту;
14) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту;
15) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«21) мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау және ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсыну;»;
«78) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы әзірлейтін және бекітетін бұзушылықтар сыныптауышын келісу;»;
«86) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына республикалық бюджет жобасын бағалау жөніндегі қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсыну;»;
«90) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;»;
«616) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша құқықтық актілерді қабылдау;».
2. «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысымен (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттары» деген 1-бөлімде:
төртiншi және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қордың немесе ұйымның Аудит комитеті тәуелсіз директорлардан ғана тұрады. Комитет білікті сарапшыны тартқан жағдайда осы адамның дауыс беру құқығы болмауға тиіс. Сарапшы тарту туралы шешімді Аудит комитеті қабылдайды және оны тарту мәселесі қызмет тиімділігі мен тәуелсіздігі тұрғысынан жыл сайын қаралуға тиіс. Қордың мамандандырылған комитеті Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алынған саласын дамытуға әсерін Қор туралы заңға сәйкес кешенді және объективті түрде талдауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады.
Қордың және ұйымдардың өздеріне бөлінген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануын бақылау, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құзыретіне жатады.»;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттарына аннотациялар» деген 2-бөлімде:
төртiншi және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қордың немесе ұйымның Аудит комитеті тәуелсіз директорлардан ғана тұрады. Комитет білікті сарапшыны тартқан жағдайда, осы тұлғаның дауыс беру құқығы болмауға тиіс. Сарапшыны тарту туралы шешімді Аудит комитеті қабылдайды және оны тарту мәселесі қызмет тиімділігі мен тәуелсіздігі тұрғысынан жыл сайын қаралуға тиіс. Қордың Мамандандырылған комитеті Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің Қор туралы заңға сәйкес экономиканы немесе экономиканың жеке алынған саласын дамытуға әсерін кешенді және объективті түрде талдауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады.
Қордың және ұйымдардың өздеріне бөлінген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануын бақылау, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құзыретіне жатады.»;
«1) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Қордың тобына кіретін ұйымдарға талдау жүргізу туралы ұсынысын қарайды, кейіннен мәселелерді белгіленген тәртіппен Қордың Директорлар кеңесіне береді;»;
«3) талдау нәтижелерін Қордың Директорлар кеңесіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына береді.».
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына 1-қосымшада:
  «_________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп 20 ___ж. есепті кезең» нысанында:
«Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Жоғары аудиторлық палата, Ұлттық экономика министрлігі»;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің» нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме нысанына қосымшада:
«2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп» нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Жоғары аудиторлық палатасына, Ұлттық экономика министрлігіне жолдайды.».
1
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (11.07.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (11.07.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (11.07.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидаларында:
«4) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мәлімдеген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы берген тұжырымдар мен ұсынымдар;»;
«Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей, республикалық бюджеттің жобасына енгізеді.»;
«16. Республикалық бюджет комиссиясы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қарауға дайындаған материалдарды Республикалық бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайтын және Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілетін жоспар-кестеге сәйкес қарайды. Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілген жоспар-кесте республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының назарына жеткізіледі.»;
«Түсіндірме жазбаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын ескеру туралы ақпарат та енгізіледі.».
10. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларында:
«10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 6–9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады»;.
«11. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын, ағымдағы жылғы 20 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына береді.».
11. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
«11. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарау кезінде Комиссия отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (келісу бойынша) мүшесі байқаушы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) қатысады.»;
«1) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште Комиссияның хатшысы әр парағын растаған қосымшаларымен қоса Комиссия шешімдерінің көшірмелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына;»;
«19. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес Комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (келісу бойынша) Комиссия отырыстарының хаттамалары мен тиісті материалдарды, Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінділер жіберу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы»;
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
1
12. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 866 Қаулысымен (27.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1
13. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.07.2023 жылғы № 620 Қаулысымен (13.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы
31 қазандағы № 1384
қаулысымен бекітілген
Осы Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысымен (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)