• Мое избранное
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 ақпанда № 31894 болып тіркелді

Редакция 15.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 27.03.2024 жылғы № 128 Бұйрығына сәйкес (10.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес резидентураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес интернатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес магистр дипломына куәліктің нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидалары бекітілсін.
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың мәліметтерін өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
1-тармақ 18-тармақшамен толықтырылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 27.03.2024 жылғы № 128 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 15.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
18), 19) 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34) және 36) тармақшалар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25) және 26) тармақшалар алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34 және 36-қосымшалардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С. Нурбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы соты
 2023 жылғы «___»_______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
 2023 жылғы «___»_______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
 2023 жылғы «___»_______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
 2023 жылғы «___»_______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
 2023 жылғы «___»_______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
 2023 жылғы «___»_______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
 2023 жылғы «___»_______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
 2023 жылғы «___»_______
  • 1
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 10 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
1-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың түрлері
1. Білім алушының қорытынды аттестаттаудан өткенін куәландыратын және Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері:
1) бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом;
2) бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік диплом;